Абай мұражайына танымдық саяхат жасады

Аймақтар
20.03.2025, 11:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы теміржолшылар қауымы Наурыз тойын осы айдың 14-нен бастап кеткен болатын. 23-не дейін жалғасатын Наурызнама онкүндігі аясындағы іс-шаралар мейлінше мәнді өтуде.

«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» теміржолшылар Абай мұражайына танымдық экскурсия жасап, ұлт руханиятының қайнар бұлағынан сусындап қайтты. Семей ЖТ бөлімшесі бастығының орынбасары Жанар Амангелдіқызы бастаған қыз-жігіттер бұл күні Наурыз мерекесіне орай ұлттық киім киініп, хакім мұражайына ат басын бұрудағы тағы бір себеп – биыл қазақтың бас ақынының туғанына 180 жыл толмақ. Бұл орайда теміржолшылар қауымы да мәдени-рухани іс-шараларды ұтымды түрде жүргізбек.

Төл мәдениетімізді, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға, әсіресе жастар арасында кеңінен дәріптеуге арналған бұл күні Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне тағылымды саяхат ұйымдастырғандар арасында әсіресе жастардың қатары мол болды.

– Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған саяхат өте әсерлі  болды, бұрын білмеген көптеген тың мағлұматтар алдық. Мәселен, күн мен түн теңелген осынау ежелгі мейрам жайында қазақ тарихында алғаш қалам тербеген хакім Абай екенін, оның бұл шығармасы елімізге наурыздың қайта оралуына себеп болғанын білгенде таңданысымызда шек болмады, – дейді теміржолшы Жастар ұйымының төрайымы Арайлым Қосанова.  

Теміржолшылар қауымы ұлы ақынның өмірі, шығармашылығы, соңына қалдырған өшпес мұрасы жайында бұрын-соңды көп айтыла бермейтін тың мәліметтерге қанықты. Сонымен қатар ақын өлеңдерін кезектесе  оқып, әлеуметтік желілерге арнайы түсірілім жасауды да ұмытпады. Мұның барлығы түптеп келгенде кеңсе қызметкерлерінің бір ауық бой жазып, рухани тұрғыдан сергуі ғана емес, ұлт құндылықтарын насихаттау екендігі анық.  

– Еліміз бойынша Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бекітілгені белгілі. Оның аясында Семей теміржолында да мерекені тойлаудың өзіндік дәстүрі қалыптасып келеді. Ал биыл хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы осынау мерекелік күндердің мазмұнын байыта түсуде, – дейді бұл орайда пікір білдірген Семей ЖТ кәсіподақ ұйымының белсенділері.  

Десек те, қазіргі таңда күллі бөлімше бойынша алдағы 22 Наурызда өтетін Жыл басы күніне қызу даярлық жұмыстары жүргізілуде. Шығыс жұртшылығына сауын айтқан бұл мереке Семей вокзалы алаңында ерекше леппен өткізілмек. Ал оның таңғалдырар, тамсандырар бағдарламасы әзірге құпия көрінеді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды