Қош келдің, Әз-Наурыз!

Аймақтар
22.03.2025, 13:22
Оқуға 2 мин
Суреттер автордікі
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін атыраулық теміржолшылар өте ұйымшылдықпен қарсы алды. Атырау жүк тасымалы және магистральды желі бөлімшелеріне қарасты құрылымдық мекемелер кәсіподақ ұйымының қолдауымен мерекені бірге атап өтті.

Ақжайық станциясының алдындағы кең алаңға 6 киіз үй тігіліп, қала басындағы  Ақжайық, Атырау, Махамбет және Теңдік станциялары бір киіз үй, ПЧ-ЭЧ, Вагон, локомотив деполары, НОД пен НЖС әрқайсысы бір киіз үйден құрды. Соған сәйкес халық та көп жиналып, бұл нағыз бұқаралық сипаттағы тойға айналды. Шараны қос бөлімше басшылары құттықтау сөзбен ашып, жаңа жылда жаңа белестерге шығуды, наурыздан наурызға аман жетуді тіледі. 

Бір-бірін көптен көрмеген дария кеуде, тау мүсін қариялар, ұлттық киімді дәріптеп кимешек киген әже-аналар көрісіп, шұрқырасып жатыр. Орта және жас буын да олардан қалысар емес, бәрі де ұлттық киіммен жарасымды киінген. Теміржолшылардың өз күшімен даярланған мерекелік концерт те тыңдармандарға шуақты көңіл-күй сыйлады. «Ел іші - алтын кен іші» демекші әнші де, күйші, биші де теміржолшылардың өздері, өнер жұлдыздарынан бір кем емес.

 Сайдың тасындай бірінен-бірі озған ылғи өнерпаз жастар мерекеге жиналған жарты миллионға жуық қонақтың көңілін көтеріп жіберді. Ұлттық салт-дәстүрден аттамаған халық ретінде тұсау кесу рәсімі жасалды. Атырау вагон депосының вагон жөндеушісі Бегарипов Абылайдың ұлы Айтөренің тұсауын бөлімше бастығы Аслан Базарғалиев кесіп, үлкен азамат болуын тіледі. Ұлыстың ұлы күні дүйім жұрттың алдында тұсауы кесілген баланың бағы артып, жұлдызы жоғары болсын десті көпшілік. «Жаңбырмен жер, батамен ел көгерер» деп концерт соңынан сала ардагері Айтбаев Кенже ақсақал жиналғандарға арнап батасын берді.  

Дастархан басында да әр киіз үйдің ішінде сырнайлатқан әншілер, күйшілер мен бишілер өнер көрсетіп жатты. Ақжарма тілектер легі ағылып, жастарға бата берілді. Наурыз көже, құрт-май, жент, сүзбе, қымыз бен шұбат, басқа да ұлттық тағамдар қай үйде де мол болды. Ағаштан ойып жасалған және зергерлік ұлттық бұйымдар жәрмеңкесі де өтті. Далада алтыбақан тебіліп, балалар атқа мінді. Ұлттық ойындар ойналып, кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату ұйымдастырылды. Онда Арқан тартудан 1-ші орынды ТЧЭ-3, асық атудан машинист Ч.Жарасқан, кір тасын көтеруден Р.Аңдамасов (ПЧ-9), қол күрестен А.Асқарбақыт (ТЧЭ-3) 1 орын иеленді. Үздік киіз үйге де бәйге тігіліп, ПЧ-ЭЧ киіз үйі ұлтық нақышта өрнектелген әрі ұядай жылылығымен тартымды болды. Кәсіподақ ұйымдары мол қаражат бөліп, барлық ұжымның бірлесе бас қосуын ұйымдастыруының арқасында биылғы Наурыз мерекесі ерекше мазмұнды өтті.

 

 

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл