Жаңа тепловоздар қызмет көрсетуде

Аймақтар
03.04.2025, 12:41
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Биыл Жамбыл локомотив пайдалану депосының паркі елімізде құрастырылған «Evolution» сериялы ТЭЗЗ АС-0202, 0203, 0204, 0205, 0206 жаңа тепловоздармен толыққан болатын. Қазіргі уақытта инновациялық локомотивтер «Тараз-Қаратау-Жаңатас» бағытына қатынауда.

Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаевтың айтуынша 180 шақырымды құрайтын телім негізінен өңірдегі фосфорит кен орындарын иегеріп жатқан алпауыт компанияларға қызмет көрсетеді. Яғни теміржолдың тасымал қызметін пайдаланатын аймақтағы ірі жүк жөнелтушілер солар. Сондықтан Қаратау – Жаңатас тармағына су жаңа локомотивтердің қатынауы қажеттіліктен туындап отыр.  

Мамандардың айтуынша, жаңа тепловоздардың бұрынғы үлгілерден ерекшеліктері көп. Ішінде машинистер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Машинаны басқару процесін жақсартуға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық жүйе орнатылған.

– Жаңа жүк локомотивтерінің бір артықшылығы – тепловоздың басқару тақтасы машинаның қозғалтқышын автоматты түрде іске қосатын борттық компьютермен жабдықталуында дер едім.  Ал әзірлік, кернеу, майдың температурасы секілді көрсеткіштер монитордан көрініп тұрады. Тепловоздың қай бағытта кетіп бара жатқанын немесе тоқтап тұрғанын анықтауға мүмкіндік беретін навигациялық бақылау жүйесі бар. Локомотивтерге отынды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін жаңа «Оптимайзер» және «Борт» қауіпсіздік жүйелері орнатылған. Бұл бізге қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етуде берілген зор мүмкіндік, – дейді депо бастығының орынбасары.    

Машинистерге автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған жаңа тепловоздарды басқару үшін дайындық қажет екені белгілі. Осы бағытта депо басшылығы қызметкерлерді қайта оқытуды қолға алып, біліктілік арттыру курстарына жіберіп, даярлық жүргізген. Мамандар жылжымалы құрам паркін жаңарту арқылы жүк тасымалы артып, пойыздар қозғалысының жылдамдығы мен қауіпсіз қозғалысы жақсара түсті деседі.    

– Депо паркін жаңарту жұмыс сапасын арттыратыны сөзсіз. Осы бағыттағы қолға алынған іс-шаралар бізге көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында былтыр тасымалдау жұмыстарының көлемі 19 937 миллион тонна бруттоны құрады. Оның ішінде электр тартылымы 95,3, жылу тартылымы 92.2 пайызға атқарылды. Локомотивтердің жұмыс көлемі 462 652 сағатқа жетті. Жаңартылған тепловоздарды пайдалану бойынша барлық көрсеткіш  жоспардағыдай орындалады деп үміт артамыз, – дейді Мәди Қонысбаев.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті