Каспий теңізі тағы бір кемемен толықты

Аймақтар
14.04.2025, 13:57
Оқуға 2 мин
Фото: Құрық порты
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қарт Каспий теңізінде отандық тағы бір кеме жалауын көтерді. Өткен аптада Құрық портында орын алған айтулы оқиғада Саржа терминалының айлағынан құрғақ жүк таситын жаңа кеменің тұсауы кесілді.  

Бірлескен қазақ-араб кеме кәсіпорны басқаратын бұл су көлігі қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері Нәсіпқали Марабаевтың  құрметіне аталды.  

«Нәсіпқали Марабаев» кемесі заманауи құралдармен жабдықталған, құрғақ және жалпы жүктерді тасымалдауға арналған. Оның жүк көтергіштігі – 7000 тонна, ұзындығы – 136 метр, биіктігі – 7 метр.  «Аталған жаңа су көлігінің тұсаукесері барысында бірлескен кеме кәсіпорнын ашқан қазақстандық «Semurg Invest» пен «Freeseas Container Shipping» компаниялары Каспий теңізінде жаңа кемелерге инвестиция тарту туралы меморандумға қол қойды. Кемелердің санын 6 бірлікке дейін арттыру жоспарлануда», - деп хабарлады порттың баспасөз қызметі.  

Жалпы, кешегі апта Құрық партымен қатар Ақтау теңіз сауда портының тарихында да елеулі оқиғалармен есте қалды. Портқа Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің және көлік пен энергетика саласындағы консультациялық қызметтерге маманданған CPCS Transcom Limited инфрақұрылым жөніндегі канадалық консалтингтік компанияның өкілдері келді. Порттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, CPCS Transcom Ltd бұдан әрі инвестициялау үшін Орталық Азиядағы трансшекаралық қосылу жобаларын анықтау және олардың қаржылық тартымдылығын егжей-тегжейлі бағалау үшін Қазақстанды қоса алғанда, іске асыру туралы мәселені қарау мақсатында зерттеулер жүргізеді. Басым жобалар қатарында Каспий теңізі деңгейінің төмендеу салдарын жеңілдету үшін Қазақстанның порттарында жоспарланған түбін тереңдету жұмыстары бар.  

Сонымен қатар Литвадағы Клайпеда портының делегациясы да Ақтау портында болып, қызметімен танысты. Айта кетсек, Клайпеда Балтық жағалауындағы ең үлкен терең теңіз порты және жылына 70 миллион тонна жинақталған 33 порт терминалын қамтитын порт.  

«Сондай-ақ Нидерландия дипломатиялық корпусы мен негізгі компаниялары басшылары да іссапармен Ақтау портына келіп, ТМТМ мүмкіндіктеріне қанықты. Басқосу барысында ТМТМ дәлізінің даму бағыттары, Каспий арқылы Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының өсу перспективалары сөз болып, алдағы болжамдар айтылды», - деп хабарлайды порттық баспасөз қызметі.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды