Теміржолшы болам десеңіз...

Аймақтар
15.04.2025, 09:17
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Ақтау ALT көлік колледжінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Нәжімеден Ғұбашовпен кездесу өтті.

Еркін форматта өткен басқосу барысында білім ордасының студенттері өздерін қызықтырған сұрақтарды қысылмай қойып, болашақ мамандықтарына қатысты өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алды. Ел экономикасында айрықша рөл атқаратын теміржол саласына жастардың қызығушылығын арттырып, мамандар дайындауда мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атаған колледж басшылығы студенттерді бөлімше бастығының еңбек жолымен таныстырды. Уақыт бөліп жастармен кездесіп отырған теміржол басшысына алғыс айтты.  

Нәжімеден Ғұбашов өзінің ең төменгі лауазымнан басталған саладағы еңбек жолы, бүгінгі дәрежеге жетер жолдағы еңсерген кедергілер мен қиындықтар, жылдар бойғы жинаған тәжірибесі мен жетістіктері жайлы әңгімеледі. Теміржол тасымалының тиімділігі мен жұмыс сапасын арттыру жолында бөлімше ұжымы қолға алған шаралар мен өндірісті модернизациялау, жетілдірулер жайлы да сөз қозғап, студенттердің сала тынысы жайлы білімін кеңейте түсті. Теміржол инфрақұрылымын дамыту, жаңа технологияларды енгізу және жұмыс процесін оңтайландыру бағытында қолға алған бастамалары, көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша жүргізілген жұмыстарды жастар қызығып тыңдады. Бөлімше басшысы «ҚТЖ» ұлттық компаниясындағы жас мамандарды қолдау, дамуына септік ететін жобалармен де таныстырды.  

– Қызығы мен шыжығы қатар жүретін теміржол саласында еңбек ету әркімнің маңдайына жазылмаған және екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Теміржолшы деген абыройлы атқа табан ақы, маңдай термен талай сынақтарды еңсеріп, өз кәсібіне шын берілген жандар ғана ие болмақ. Сондықтан теміржолшы болам десеңдер мақсаттарыңнан таймай, тек алға ұмтылыңдар, – деді Нажімеден Бақтығалиұлы жастарға.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті