Ақтөбе облысында биыл жеті вокзал жөнделеді

Аймақтар
15.04.2025, 09:21
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қызмет бабымен Ақтөбе облы- сына келген Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев жергілікті халықпен кездесіп, салада жасалып жатқан жұмыстармен, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Көлік министрлігі тарапынан қызмет көрсетуді жақсартып, жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлініп отыр.  

«Теміржол саласын дамыту министрліктің тұрақты назарында. Былтыр жолаушылар тасымалы 7 пайызға өсті. Барлығы 20 млн жолаушы тасымалданса, оның миллионға жуығы Ақтөбе облысына тиесілі. Жолаушыларға қызмет көрсететін вокзал жағдайына келсек, елімізде көп жылдан бері жөндеу көрмей тоза бастаған вокзалдар көп. Соған байланысты министрлік үкімет қолдауымен үлкен шараны қолға алды. Республика бойынша 125 вокзалдың жөндеу жұмысын бір мезгілде бастап, бір жылда аяқтау жоспарланып отыр», – деді Сәтжан Аблалиев.  

Айтуынша, жөндеу жұмыстары алдағы аптада басталады. Оның ішінде Ақтөбе облысы бойынша 7 вокзал тізімге еніпті. Олар – Қандыағаш, Жем, Қарауылкелді, Алға және Шұбарқұдық вокзалдары.  

Вице-министр жолаушылар тасымалына байланысты вогондардың ескілігі, билеттердің тапшылығы, т.т. сауалдарға да жауап беріп, 2030 жылға дейін жолаушы вагондарын жаңартуды 80 пайызға жеткізу жоспары бар екенін жеткізді.  

«Қазір жолаушылар тасымалында екі мыңнан астам вагон болса, оның 42 пайызы ескірген, болмаса жасы 30- 40 жылдан асқан вагондар. Оны жаңарту бір күнде, бір жылда бола қоймайды, кезең-кезеңімен ауыстырылады. Елімізде вагон шығару зауыттары іске қосылып жатыр. Петропавлда вагон өндірісі жолға қойылды, Астанада неміс компаниясы құрылысын бастап жатыр», – деді вице-министр.  

Министрліктің мәліметінше, Ақтөбе – Алматы, Ақтөбе – Атырау бағытына қатынайтын жолаушы пойыздары алдағы уақытта жаңа вагондармен толықтырылады.

 

Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл