Маңғыстау темір жолында көктемгі сынақ жүріп жатыр

Аймақтар
24.04.2025, 16:59
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолында көктемгі комиссиялық байқау басталды.  Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашовтың жетекшілігімен құрылған комиссиялық топтың құрамында алпыстан астам адам бар.

Маңғыстау станциясынан 15 сәуір күні Болашақ станциясына арнайы пойызбен жолға шыққан комиссия құрамында Жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшесінің басшылары, аймақтық бас ревизор мен түрлі шаруашылық бойынша ревизорлар, кәсіподақ ұйымы төрағалары мен бөлімшелерге қарасты деполар мен дистанциялардың басшылары, персоналды басқару бөлімінің мамандары мен жетекші инженерлер 16 сәуірде белгіленген кесте бойынша жұмысты бастады. Болашақ станциясындағы теміржол мекемелерін тексеріп, станциядағы жүк алаңдарын, жол шаруашылығы, электрмен жабдықтау, өрт сөндіру, т.т. салалардағы жазғы тасымалға дайындық жұмыстарын мұқият қарап шыққан  комиссия әрі қарай Жаңаөзен станциясына бет бұрды. Одан әрі Құрық порты станциясына дейінгі аралықтағы теміржол құрылымдарын демалыс күніне дейін аралап, мақсатты міндеттерін жүзеге асырған комиссия осы аптаның басында Маңғыстаудан Құлсары бағытына қарай ойысып, 24 сәуірге дейін Құлсары – Бейнеу, Бейнеу – Тассай, Бейнеу – Оазис телімдеріндегі теміржол нысандарында болып, дайындықтарын қарады.  

– Көктемгі  комиссиялық байқау мамыр айының басында аяқталады. Содан соң кездескен кемшіліктер мен жұмыстарды талқылау үшін кеңейтілген тораптық жиын өткізіліп, қорытындысы шығарылады. Түйінді мәселелерді шешу жолдары қарастырылады, – дейді Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік бөлім басшысы Нұркен Қосымов.  

 

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті