Түлектерді жұмысқа шақырды

Аймақтар
25.04.2025, 09:20
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері Тараз көлік және коммуникация колледжінің бітіруші түлектерімен кездесу өткізді.

Іс-шарада «Теміржол – тұрақты болашақтың кепілі. Арманыңды осы жолмен жүзеге асыр!» тақырыбында әңгіме қозғалып, студенттерге көлік-логистикалық кешеннің жұмысы мен артықшылықтары, үнемі даму үстінде болатын саладағы еңбек нарығында жұмысшы мамандықтарға деген сұраныс төмендемейтіні түсіндірілді.  

Кадр мамандары қазіргі уақытта Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты еңбек ұжымдарында қандай мамандар қажет екенін айтып, еңбек нарығындағы сұранысқа талдау жасады. Түлектерді оқуды бітірген соң тұрақты табыстың кепілі болатын теміржол саласында жұмыс істеуге шақырды.  

Былтыр оқу орнын 208 түлек бітірсе, биыл 205 студент дипломды маман атанбақ. Саланың дамуына қарай, жыл өткен сайын мамандықтар түрі де қосылуда. Айталық, 2025 жылы оқу орнынан жастар «Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару», «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс», «Төтенше жағдайда қорғау» және тағы басқа мамандықтар бойынша білім алып, кәсіп игеріп шығады.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды