2025 жылдың 5 мамырында Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің сұрауы бойынша қала шегіндегі қойма аумағында туындаған өртті сөндіру үшін Семей станциясынан өрт сөндіру пойызы жөнелтілді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт жедел түрде оқшауланып, жойылды. Сөндіруге теміржолшыларды, құтқарушыларды және ТЖД мамандарын қосқанда 56 адам қатысты. Салдарын жоюға 16 бірлік техника тартылды.
Барлық қызметтердің үйлестірілген әрекеттерінің арқасында өрт тез сөндірілді.