Ардагерлерге сый-құрмет көрсетілді

Аймақтар
27.05.2025, 09:08
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі директоры Айдын Сеитбенбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев, бөлімше кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев, кадр бөлімінің меңгерушісі Меруерт Баймұрзаева ардагер теміржолшы Әбдуалы Данаевтың шаңырағына арнайы барып, қарияға сый-құрмет көрсетті.

Филиал директоры Айдын Пайзылдаұлы жаңа буын әр кезеңде теміржол саласын дамытуға үлес қосқан аға буынның еңбегіне құрметпен қарайтынын айта келе, ардагердің кеудесіне «Қазақстан теміржолына-120 жыл» мерейтойлық медалін тағып, естелік сыйлық табыс етті. Бауыржан Найманбаев қарияның иығына шапан жауып, кәсіподақ атынан азық-түлік себетін тапсырды.

– Ұлы Отан соғысы жылдарында бұғанасы қатпаған балалардың өзі аналарымен тылда еңбек етті. Әбдуалы Данаев та еңбекпен есейген. Кейін ұзақ жыл теміржол саласында жұмыс істеп, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде оқытушы болып, жас мамандарды даярлаған. Ұрпақтар сабақтастығын сақтау әрі ардагер теміржолшылардың еңбегін жас буынға үлгі ету мақсатында Жеңістің 80 жылдығына және «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай Жамбыл бөлімшесі қарияға құрмет көрсетуде, – дейді Меруерт Бейсенбекқызы.  

93 жастағы ақсақал халық жазушысы Шерхан Мұртаза, мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовпен бір класта оқыған. Мектепті бітірген соң қазіргі Санкт-Петербург қаласында білім алыпты. Елге келген соң Талас станциясында еңбек жолын бастап, уақыт өте келе Жаңатаста станция бастығы болып жұмыс істеген. Әбдуалы Данаев Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінде еңбек етіп жүрген жылдары, кейін зейнетке шыққаннан кейін де салалық терминдерді қазақшалап, бірнеше авторлық әдістемелік оқулықтар жазыпты. Соның бірі «Теміржолдар мен стансалар құрылымы» деп аталады. Ардагер теміржолшының кітаптары бүгінде оқу процесінде қолданылуда.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті