Қызылсай станциясының мүмкіндігі кеңеймек

Аймақтар
17.06.2025, 08:38
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент іргесіндегі Қызылсай станциясы арқылы күн сайын 70 вагон жүк тиеліп, 150-170 вагон жүк станция маңындағы тұйық жолдарда босатылады.

Жүк вагондарын қабылдап-жөнету мен вагон өңдеу қабілеті өте жоғары саналатын іргедегі Қазығұрт станциясына жылжымалы құрамдар осы Қызылсайдың бас жолымен, 4-ші және 6-шы жолдар арқылы кіреді. Бұл әрекет өз кезегінде Қызылсай станциясының өңдеу мүмкіндігін тежеп, өткізу қабілетін аша түседі. Ал сала мамандары үшін мұндай көрсеткіш көңіл көншітпейді. Себебі, станцияішілік жолдарға аздаған өзгеріс енгізетін болса, Қызылсайдың вагон өңдеу мүмкіндігі де ашылып, кең тыныспен жұмыс атқарар еді.  

Ол үшін Қызылсайдағы бас жолдың солтүстік мойындығына 2 бағыттағыш бұрма қою арқылы станция паркінің өткізу жүктемесін жеңілдетіп, өңдеу мүмкіндігін арттыру қажет. Себебі, жүк вагондарын өткізгенде станцияның вагон өңдеуі мәжбүрлі түрде саябырсып жатады. Негізінде, бұл өзі ертеректе қолданыста болған әдіс. Соңғы жылдары жылжымалы құрамдар қатынасы жанданып, жүк тасымалы ағыны ұлғайған шақта қайта жандандыру қажеттігі туындауда.

– Негізінен, біздің парктегі 4, 6, 8 жолдар ең сұранысқа ие, қызмет көрсету әлеуеті де артық жолдар санатында. Қазығұрт станциясында перегон болғандықтан, ол жаққа вагон жеткізуде біздің әлгі маңызды жолдарымыздың әлеуеті сонымен шектелуде. Енді, өзге де жолдарды тиімді пайдалану мақсатында біршама өзгерістерді сәтті енгізе алсақ, станцияның мүмкіндігі арта түседі, – дейді станция бастығы Баянды Раманқұлов.  

Ал 1, 2 жол басымдыққа ие болғанымен, олар осы күндері өткізу бағытында ғана пайдаланылуда. Сондықтан да станцияның вагон өңдеу бағытындағы өндірістік көрсеткіші көңіл көншітпейтін көрінеді. Қазіргі кезде бұл бағытта қызу жұмыстар жүргізілуде. Мәселе оң шешімін тапқанда Қызылсай станциясының өңдеу мүмкіндігі кеңейіп, өндірістік көрсеткіші жоғарылай түспек.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды