Маңғыстау теміржолшыларына біржолғы сыйақы берілді

Аймақтар
18.07.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлттық компания көлемінде сала қызметкерлерінің еңбегін ынталандырып, кәсіби тұрақтылығын арттыру, моральдық қолдау мақсатында еңбек еткен жылдарына орай біржолғы ақшалай сыйақы енгізілгені белгілі. Маңғыстау жол дистанциясының жұмысшылары осы қаржылай марапатқа қол жеткізіп, теміржолшылардың өз кәсібіне деген мақтанышы, құрметі мен қызығушылығы арта түскені анық.

Жол дистанциясында еңбек ететін 465 адамның сексен пайыздан астамы – он жылдан кем емес тұрақты еңбек етіп жатқан жолшылар. Атап айтсақ, 357 адамға сыйақы тағайындалған. Таратып айтсақ, дистанцияда отыз жылдан астам еңбек еткен 47 адам 300 мың теңге мен «Теміржол саласында 30 жыл мінсіз қызметі үшін» алтын белгіге ие болған. Жиырма және одан көп еңбек еткен 93 жолшы 200 мың теңге мен «Теміржол саласында 20 жыл мінсіз қызметі үшін» күміс белгісін, ал 217 теміржолшы 100 мың теңге мен «Теміржол саласында 10 жыл мінсіз қызметі үшін» қола белгісін алды.  

Талай жылғы еңбегінің жемісін көріп, қаржылай марапат пен алтын төсбелгіге ие болғандардың бірі – майталман жолшы Қорғанбай Бекенаев. Жол дистанциясына қырық жылдан астам өмірін сарп еткен ол мұндай игілікті бастама жастарға жігер беріп, кәсібіне адалдығы мен махаббатын арттыруға әсер ететінін айтады. Еңбектің ешқашан жерде қалмайтынын тілге тиек еткен ол жол жөндеушіден бастаған еңбек жолында қаншама қиындықты еңсере жүріп жетістіктерге жеткенін, соның нәтижесінде бүгінде «Құрметті теміржолшы» атанып отырғанын сөз етті.  

Қорғанбай Бекенаев 1981 жылы небәрі 17 жасында №15 бекетке жол жөндеуші болып келіпті. Жасына байланысты қысқа сағаттық жұмыс тәртібінен бастаған бозбала теміржолда жүріп кәмелет жасына толып, әскери борышын өтеуге де осы жерден аттаныпты. Әскерден келіп жұмысын қайта жалғастырып, жол жөндеушіден жол шебері, бригадир, шебер, телім бастығы жұмыстарында өзін шыңдаған. Бүгінде бірнеше бекет пен станция аралығын қамтитын №2 учаскеде телім бастығының орынбасары. Түбек теміржолының 290-380 шақырым арасындағы №16, 15, 14 бекет, Шетпе ст., №13 бекеттердің аралығындағы жол күтімін жасауды қамтамасыз етіп жүрген жұмысшыларды басқарып отыр. Күні кешеге дейін №15 бекетте тұрды. Құдай қосқан қосағы екеуі бірге еңбек етіп, маңдай тер, табан ақымен тапқан табыстарымен бес баланы жеткізіп, аяққа тұрғызды. Кенже ұлын қарашаңырақта қалдырып, бірнеше жыл бұрын ғана бекеттің басынан ауылға көшті. Қазір қарашаңырақтағы ұлы сол бекетте ШЧ бағытында жұмыс істейді.  

Жалпы, Маңғыстау жол дистанциясында 30-40 жыл еңбек өтілі бар майталмандар аз емес. Дистанция бастығының орынбасары Жолдас Жетібай – 37 жыл, ал инженер-технолог Сәрсен Мүсірханов 42 жыл тер төгіп келеді. Жолшылар ұжымы адал еңбек өтеуіндей болған сыйақы жүйесінің қалпына келтірілгеніне дән риза.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады