Қызылорда теміржолының шежірелі жолы мен жаңа жетістіктері

Аймақтар
01.08.2025, 19:15
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясындағы бөлімшенің мәжіліс залында өткен салтанатты жиын аймақтағы теміржолшылардың кәсіби мерекесіне арналды. Мерекелік рәсім жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен ашылып, жыл сайынғы дәстүрге айналған қуаныш биыл ерекше мазмұнға ие болды. Себебі биыл Қазалы жол дистанциясының, Қызылорда теміржол вокзалының және Қызылорда жол дистанциясының 120 жылдық мерейтойы кәсіби мейраммен қатар тойлануда.

Салтанатты шараға Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев, Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков, сондай-ақ «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметовтер аймақ теміржолшыларының жетістіктеріне тоқталып, әріптестерін кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтады.

Аймақтағы 4 бірдей теміржолшының «Құрметті теміржолшы» атағын алуы сырбойылық теміржолшылардың абыройын асқақтатқан айтулы жаңалық болды. Марапат иелері қатарында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ербол Сәулебеков, Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Оңғар Аманқұлов, Қазалы вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Алпысбай Жиенұлов және Қызылорда ЖТ бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев бар.

Мерекелік кештің бір көрнекті сәті Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі, ТМД бойынша кәсіпқой чемпионат жеңімпазы Жасұлан Смағұлдың «Үздік машинист» белгісімен марапатталуы болды. Оның ата-анасына компания басшылығы атынан арнайы алғыс хат табысталып, бұл сәт теміржолшылар арасында ерекше тебіреніс туғызды.

Сонымен қатар, ТЧЭ-36 локомотив бригадаларын оқыту нұсқаушысы Нұрлан Жұмқанов пен Қыдырбай Бекбаев «Адал еңбегі үшін» белгісіне ие болды. Конту станциясының бастығы Әділхан Насанов «Кәсібі бойынша үздік» атанса, ТЧЭ-34 тепловоз машинисі Азамат Хайдаров «Жас үздік маман» белгісімен марапатталды.

Аймақ бойынша 50-ге жуық теміржолшы ҚТЖ ҰК» АҚ, ҚТЖ-ЖТ» ЖШС, Қызылорда облысы әкімдігі, «Аманат» партиясы және кәсіподақ ұйымдары атынан марапаттарға ие болды. Әсіресе, С. Рахметовтың атынан табысталған ата-аналарға арналған алғыс хаттар теміржолшылардың еңбегіне көрсетілген ерекше құрметтің белгісіне айналды.

Салтанатты жиында Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Батырхан Базарбаев «Аймақ теміржолшылары бұл мерекеге зор табыспен келіп отыр. Биыл аймақ бойынша 4 теміржолшының құрметті атақ алуы сырбой теміржолшыларының мерейі. Компания басшылығы атынан Жасұланның ата-анасын арнайы келіп құттықтау жасалды. Әріптесіміз Жасұланның бүкіл ТМД бойынша жеңімпаз болуы да біздің абыройымызды асқақтатты. Мереке құтты болып марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын. Еңбекті бағалау үлкен мотивация. Марапаттау легі мұнымен тоқтамайды»,-деп атап өтті.

Теміржол саласында абыройлы еңбек етіп жүрген қызылордалықтар үшін бұл кәсіби мереке — ерекше шабыт пен жаңа белестерге жетелейтін қуатты серпін болды.

 

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды