Вокзалда туристерге QR-код таратылды

Аймақтар
14.08.2025, 11:23
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Әр туристің қауіпсіздігі маңызды. Тәртіп сақшылары шетелдік меймандарға туристік карта берді. Онда қауіп төнген жағдайда полицияға шұғыл хабарласу жолы көрсетілген.  

Арнайы карталар  теміржол вокзалында шетелдік жолаушыларға таратылып жатыр. Бұл бастама шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің туристік инфрақұрылымын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар картада жедел көмек қызметімен байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасын жүктеу нұсқаулығы қарастырылған.

“Карталар елге кірген шетел азаматтарына халықаралық әуежайларда, теміржол вокзалдарында таратылып жатыр. QR-код арқылы бірнеше тілде ақпарат берілген safetravel.kz сайтына сілтеме жасайды. Онда шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметінің нөмірі көрсетілген. Бұл ел аумағында туристердің өздерін қауіпсіз сезіну үшін маңызды”,- деді Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар QR-код картасында көші-қон тіркеу ережелері, кең таралған такси сервистері, ұялы байланыс операторларының тізімі және жеке қауіпсіздік бойынша ұсынымдар бар.  

Ақтөбе станциясынан өтетін туристер легі көбінесе Ресей Федерациясы мен ТМД елдерінен екені айтылды. Мәселен, осы жылдың бірінші жартыжылдығында  ақтөбелік көлік полицейлері теміржол және әуе көлігін пайдаланған 586 мың 806-ға жуық жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз еткені белгілі болды.

 

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды