Сай-Өтес станциясында «Қызметтік қару» жедел алдын алу шарасы өтті

Аймақтар
18.08.2025, 11:33
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Суық қару көрсе денесі дірілдеп, жүрегі дүрсілдемейтін адам кемде кем болса керек. Әсіресе ату қаруын ұстау кез келгенге «бұйырмаған бақыт» болғандықтан оны алып жүруге құқы бар қызмет өкілдерінің пайдалану және сақтау, алып жүру ережесін бұлжытпай орындауы қажет. Сондықтан жақында Маңғыстау облысындағы Сайөтес станциясында желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аумағында «Қызметтік қару» жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылды.  

«Қызметтік қару» жедел профилактикалық жұмыстары Көліктегі полиция департаментінің жоспарына сәйкес 11-15 тамыз аралығында өткізілді. Сай-Өтес станциясындағы алдын алу жұмыстары барысында станциясындағы ӘТЖК-нің күзетшілеріне және Сай-Өтес станциясына жүк пойыздарын күзетіп келетін серіктеу жасақтарына тексеру жүргізілген. Нәтижесінде қызметтік қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484 бабы 1 бөлігіне сәйкес  ӘТЖК-нің бір күзетшісі әкімшілік шараға тартылған. Оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.  

Бұл жөнінде хабарлаған Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұрлыбек Рахметовтің айтуынша, қызметтік қару негізінде ӘТЖК-нің барлық күзетшісіне беріледі екен. Тек кейбір себептер бойынша, яғни қаруды сақтау қоймасы болмаған жағдайда да ол жердегі күзетшілерге қару берілмеуі мүмкін.  Өйткені қаруды сақтау ережесін ұстану маңызды, дейді ол. Оны қолдану бойынша күзетшілер жұмысқа орналасар алдында арнайы емтихан тапсыруы тиіс. Содан соң ғана олардың атына қару бекітілетін көрінеді.    

- Жедел алдын-алу профилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты — мекемелерге бекітілген қызметтік қарудың сақталуын, пайдалануын, алып жүру қағидаларының бұзылуына жол бермеу және алдын алу. Осыған сәйкес біз Сай-Өтестегі ӘТЖК-нің күзетшілеріне, станцияға жүк пойыздарын күзетіп келетін серіктеу жасақтарына қызметтік қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы, алып жүру және сақтау қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.  Қаруға қашан да сақтықпен қарап, оны қолдануға құқы бар адамдар маңызды ережелерді ұмытпағаны абзал», - дейді Сай-Өтес станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің басшысы Нұрлыбек Рахметов.

 

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады