Маңғыстау теміржол өткелдерінде биыл бірде-бір жол апаты тіркелмеді

Аймақтар
25.08.2025, 11:34
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жол дистанциясына қарасты 34 теміржол өткелі болса, соның бәрін бақылауда ұстап отыру әрине оңай емес. Десе де, дистанциялықтардың үздіксіз жүргізіп келе жатқан профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде биыл өткелде бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.  

Өткен жеті айда өткелдерде профилактикалық түсінік жұмыстары жеті рет ұйымдастырылған. Нәтижесінде бірнеше мың автокөлік жүргізушісіне теміржол өткелінің қауіпті аймақ екені мен одан өтерде сақтық ережелерін қатаң қадағалауы ескертілген. Ақпараттық парақтар таратылған.  

– Теміржол өткеліне байланысты профилактикалық бағыттағы жұмыстарымыз өткелге жақын орналасқан елдімекендерде де ұйымдастырылуда. «Назар аудар, өткел!» айлығы жарияланғанда  бұл тұрғыдағы іс-шараларымыз арта түседі. Одан бөлек, өткел кезекшілеріне қатысты да өз жоспарларымыз бар. Оларға әр айда жоспарлы және жоспардан тыс техникалық сабақтар жүргіземіз. Мамыр мен маусым айы аралығындағы айлық барысында локомотив депосының машинистерімен де кездесіп, техникалық сабақ өткіздік. Өткелге келген тұста жол-көлік оқиғасының болмауы олардың да қырағылығына байланысты, жағдай автокөлік жүргізушілеріне қатысты болса да машинистеріміз жағдайды алдын ала байқап, келеңсіз оқиғаның алдын алуға дайын болуы керек, – деген Маңғыстау жол дистанциясының жетекші жол инженері Мұхтар Кульчанбаев жүргізушілер көліктерін уақытылы техникалық байқаудан өткізіп, тексертіп тұру керектігін айтады.  

Себебі жақында бір оқиға тіркелген, екінші шақырымдағы өткелде «Лада» маркалы көліктің рөлі сынып кетіп, өткелдің «Б» бағытындағы екі бағыттауыш бағананы соғып барып тоқтаған. Әрине, көлік иесіне хаттама толтырылып, жергілікті жол полициясы шара қолданған, теміржол мүлкіне зақым келгені тағы бар. Бұл оқиғаның салдары бұдан да жаман болуы мүмкіндігін ескерсек, автокөлік иелері өз көлігінің техникалық жағдайына бейжай қарамай, уақытылы тексертіп тұруды  және өткелде жүру ережесін қатаң сақтауы қажет.

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады