Семей ЖТ бөлімшесінде күзгі комиссиялық бақылау басталды

Аймақтар
23.09.2025, 08:29
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей ЖТ бөлімшесінде қыркүйектің 17-нен бастап күзгі комиссиялық бақылау кезеңі басталды. Биылғы сын жылдағыдан өзгерек, желі бойындағы барлық мекемелерге, станциялар қызметкерлеріне қойылар талап жоғары, тексеру шаралары да қатаң.

Филиал директоры Алмас Сейсемқанов төрағалық ететін, арнайы құрылған комисия құрамында шаруашылық ревизорларымен бірге барлық депо жетекшілері, түрлі бөлімдер мен еншілес мекемелердің басшылары да бар.  

Биылғы бақылау іс-шаралары тораптық жүк станциясы Дегелеңнен бастау алды. Оның өзіндік себебі де бар. Қарқын ала бастаған көмір тасымалы процесін жүргізуде бірінші сыныпты бұл станцияның үлесі зор.  

Сол тәрізді вагондарды сұрыптау мен жүк пойыздарын құрастыруда басты орын алатын Жаңа-Семей станциясын да әуелгі кезекте сүзгіден өткізу, алдағы қысқы маусымға барынша жылдам дайындау – аса маңызды міндет саналады. Бұл орайда ПЧ-40 мекемесінің иелігіндегі АС-5-18 көлігіне мінген комиссия мүшелері екі станция аралығындағы 142 шақырым желі бойындағы барлық станциялар мен жол айрықтарын толықтай тексеріп шықты.  

Жаз бойғы жауынды ауа райына қарамастан бұл өңірдегі теміржолшылар елеулі жұмыс жасаған. Ескірген шпалдар мен қумажолдардағы бағыттама бұрмаларын, жол шаруашылығына қарасты насос станцияларымен пневмобуткаларды қысқы мерзімге әзірлеуде, ауыстыруда елеулі іс бар екен. Ал, одан кейінгі кезекте сыныптан тыс Семей станциясы мен оған іргелес ПЧ-39, ЭЧ-18, ШЧ-29, ТЧЭ-24, ВЧД-23 мекемелері назарға алынды. Жоспарға сай, яғни, алдын ала белгіленген кесте бойынша кейінгі кезекте Ақтоғай-Аягөз, Аягөз-Жарма, Жарма-Шар телімдерін тексеру ісі тұр.  

Осы орайда қауіпсіздік департаментінің Семей учаскесі бойынша аймақтық бас ревизоры Темірбек Ақшалов бастаған РБ-6 аппараты желі бойындағы барлық шаруашылықтарға толық көлемде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе, нормативтік-техникалық құжаттар рәсімдеу, жылжымалы құрамдар мен арнайы құрылғыларға күтім көрсету нормаларын сақтау ісі қатаң назарға алынуда.  

Комиссия мүшелері қауіпсіздік, еңбек қатынастары мен өндірістегі тәртіп бойынша бірқатар сын-ескертпелер де жасауда. Сол тәрізді бірқатар мекемелердегі орын алған олқылықтарды жоюға қосымша уақыт берілді.  

Сонымен қатар, сәуір айының 5-ші жұлдызынан бері күні бүгінге дейін жүргізіліп жатқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы сенбілік жұмыстарының нәтижесі де бірінші кезекте назарға алынуда. Осынау тексерулер барысында теміржолшылардың қызметтік киімдермен жабдықталуы, еңбек қауіпсіздігі, жұмыс орнының жайлылығы да назарға алынды. Бұл ретте теміржолшылардың қыс қарсаңындағы қажеттіліктерін түгендеуде мекемелердегі салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да күш салуда.  

Осы айдың 29-ы күні күзгі тексеру жұмыстары Семей-Локоть телімі аралығында жүргізіліп, Ресей аумағындағы Локоть станциясы арқылы дрезина көлігімен Өскемен өңіріне қарасты Шемонайха станциясын бетке алатын болады.  

Жалпы, биылғы комиссиялық тексеру жұмыстары Өскемен өңірін қоса алғанда алдағы айдың 3-і күні толық тәмамдалмақ. Оның нәтижесінде қазан айының 8-ші жұлдызына дейін арнайы хаттама әзірленетін болады. Ал, анықталған кемшіліктер, сын-ескертпелер, шаруашылықтардың жалпы жағдайы алдағы уақытта өткізілетін тораптық жиындар барысында кеңінен талқыға түседі.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады