Қазыналы қарттарға құрмет пен тағзым

Аймақтар
06.10.2025, 09:14
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қарттар күніне орай Шымкент қаласында теміржолда ұзақ жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан 60-қа жуық ардагер бас қосып, мерекелік жиында құрмет пен ізетке бөленді.

Ардагерлерге арналған жылы жүздесу Шымкент ЖТ мен  Магистральдық желі дирекциясының кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен ұйымдастырылды. Шымкент ЖТ бөлімшесінің бастығы  Нұрдәулет Тасбалтаұлы ардагерлерді құттықтап, теміржол саласындағы соңғы жаңалықтармен бөлісті. Ол осы күндері жүргізіліп жатқан Дарбаза – Мақтаарал  бағытындағы теміржол құрылысы жайлы айтып, нысанның стратегиялық маңызына тоқталып, кезінде НОД-9 аталған бүгінгі бөлімшенің жетістіктерін атап өтті.

Жиын барысында бірқатар зейнеткерлер марапатқа ие болды.  Теміржол кәсіподағында 30 жылға жуық қызмет еткен Балтасапар Ибрагимовке Кәсіподақтың 120 жылдығына орай арнайы төсбелгі табысталды. Сондай-ақ бес ардагерге ҚТЖ Орталық ардагер теміржолшылар кеңесінің төрағасы атынан Құрмет грамотасы табыс етілді.

Шара аясында марқұм болған теміржолшылардың рухына Құран бағышталып, тағзым жасалды. Мерекелік басқосу естелік суретке түсіп, ардагерлерге бағалы сыйлықтар үлестірумен аяқталды. Ақ дастархан басында мерекелік концерт тамашалап, көңіл көтерген қариялар алғыстарын жаудырып, риза болып тарасты.  

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді