Адал еңбек өтеуі – абыройлы демалыс

Аймақтар
15.10.2025, 15:38
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының басшылығы мен ұжымы еселі еңбегі мен адами қарым-қатынасымен сый-құрметке ие болған екі бірдей әріптесін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Қандай мекеме болса да жеті өлшеп, бір кесетін, кіріс пен шығысын бағамдап, сауатты есеп-қисап жүргізетін маманды іздейді. Ал қарапайым жұмысшыға жалақысының дер кезде есептеліп, қаражаттың қалтасына уақытылы түскені маңызды. Мұның бәрі қаржы маманының жұмысына жауапкершілігі мен білім, біліктілігіне байланысты десек, артық болмас. Депоның бас есепшісі Құралай Чукенова осы талап үдесінен шыға білген мықты маман ретінде танылғалы талай жыл. Темір жолдағы кейінгі жиырма жылға жуық еңбек жолында тек қана осы депоның мүддесі үшін қызмет еткен оның қиын-қыстау кезеңде тығырықтан шығатын жол таба білетін қасиетін басшылық әлдеқашан мойындаған. Қанша жыл мекеме бюджетін құлдыратпай ұстап, ұжымның көңілінен шыға білген, бірінші кезекте жұмыскерлердің еңбекақысын уақытылы алуына жағдай жасауға тырысатын «басбухты» машинистер де сыйлайды.  

  –  Құралай Көшкінбайқызының салаға сіңірген еңбегі мен өз ортасындағы беделі зор. Біреуге сырлас дос, біреуге қамқор апа-қарындас ретінде қолдан келсе бәріне қолдау білдіріп, қол ұшын созатын адамгершілік қасиетімен ортаға сыйлы бола білген жан. Темір жолдағы еңбек жолын Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясында экономист болып бастаған. Біздің депоға 2007 жылы салық жөніндегі есепші болып келген еді. Кейін жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы, бас есепші қызметтерін атқарды. Өзін мықты ұйымдастырушы, іскер де білімді маман ретінде көрсете білді. 2018 жылы «Үздік маман» атанды. Мұндай мықты маманмен қоштасудың өзі қиын, десек те талай жылғы қызметі үшін айтарымыз тек қана алғыс, дені сау болып, енді еңбегінің жемісін жесін! – дейді Маңғыстау локомотив депосы кәсіподағының төрағасы Әбілсейт Набиханов.  

Депо ұжымы сонымен қатар өткен аптада Бейнеу айналым депосында еңбек еткен тағы бір мықты маманды зейнетке жіберді. Бейнеу депосына талай жыл маңдай терін төккен депо кезекшісі Нағидулла Туленовке қазақи дәстүр бойынша иығына шапан жауып, жоғары басшылықтың арнайы алғысын табыстап, үлкен құрметпен демалысқа шығарып салды. Бейнеу айналым депосында көмекші машинист, тепловоз машинисі болып талай жыл тер төккен ол соңғы онжылдықта   жедел техникалық есептеу бөлімінде оператор, таспа талдаушы инженер, депо кезекшісінің көмекшісі, депо кезекшісі міндеттерін атқарған. Әріптестерінің айтуынша, қай қызметте де  өзінің жауапкершілігі мен еңбекке адалдығы арқасында құрмет-қошеметке бөленіп, айналасына сыйлы болды.  

 

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды