«Таза Қазақстан»: Арыстық теміржолшылар 120 түп ағаш отырғызды

Аймақтар
23.10.2025, 10:12
Сурет: Түркістан облысы әкімдігінен
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында теміржол саласының қызметкерлері экологиялық мәдениетті дамыту мен туған өлкені көркейтуге бағытталған маңызды шара өткізді. «Тaзa Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен бұл игі іс Арыс қаласының тұрғындары мен теміржолшыларды біріктіріп, қаланы көгалдандыруға жаңа серпін берді.

Биыл Қазақстан темір жолы өзінің 120 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы атаулы датаға орай өткізілген шарада қатысушылар табиғатты қорғау мен жасыл аймақтарды көбейтуге үлес қосты. Акцияға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Жомарт Мырзабеков, өңірдің теміржолшы ардагерлері мен Арыс қаласында орналасқан ондаған теміржол мекемелерінің 150-ге жуық қызметкері қатысты.

Іс-шара барысында қаладағы Дендросаябақ аумағына 120 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл — ғасырдан астам тарихы бар теміржол саласына деген құрмет пен келешек ұрпаққа жасыл мұра қалдырудың нақты үлгісі.

Қала әкімі Қайсар Маңқараев өз сөзінде табиғатты аялау ісіне белсене қатысқан теміржолшыларға алғысын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады:

«Теміржолшылар еліміздің дамуына ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да үлкен үлес қосып келеді. Бүгінгі іс – ұлт болашағына жасалған игі қадам», – деді ол.

Айта кетсек, акция Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі ұжымынан экологиялық эстафета ретінде қабылданған «Тaзa Қазақстан» челленджі аясында өтті. Арыс теміржолшылары бұл бастаманы жалғастырып, табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін баса айтты.

Олар жастарды қоршаған ортаны сақтауға белсенді атсалысуға, туған жердің табиғатын аялауға және «жасыл ел» идеясын ілгерілетуге шақырды.

Арыста өткен бұл экологиялық шара ел азаматтарына үлгі болып, туған жерге деген сүйіспеншілікті нақты іспен дәлелдеді.

Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы