Тыңнан түрен салған топ

Аймақтар
21.11.2025, 08:36
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша үздік тәжірибелер» атты үш күндік республикалық байқау өз мәресіне жетті. Қазақстанның барлық өңірінен 12 команда қатысқан байқаудан шымкенттік команда олжалы оралды.

Командалар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған инновациялық жобаларын ұсынып, әр өңірдің үздіктері үзеңгі қағыстырған байқауда оңтүстік өлке теміржолшыларынан құралған «Қозғалыс сақшылары» командасы «квиз-ленд» сайысы бойынша ең жедел, білімді және креативті ұжым ретінде танылды. Бұл Шымкент ЖТ бөлімшесі қауіпсіздік қызметі бөлімінің бастығы Төлбасы Ордабай, жол бөлімінің бастығы Сержан Мырзабаев пен Арыс вагон пайдалану депосының бас инженері Ғалым Байзақов, Түркістан станциясының бас инженері Сұлтан Базаров және энергетика шаруашылығы маманы Нұрбақыт Байыров сынды кіл мықтылардан құралған команда еді.  

Айрықша мәртебеге ие болған топ өкілдері өздері қызмет ететін өңір бойынша «Локомотив ресурсын тиімді пайдалану» жобасын ұсынып, Арыс торабында локомотивті айналдыру кезінде туындайтын артық уақыт пен шығын мәселелерін тиімді шешудің тамаша жолын көрсетті. Өйткені бұл станцияда осы күндері локомотивті толық айналдыруға 2-2,5 сағат жұмсалатын көрінеді. Өз кезегінде техниканың бос тұру уақытын өсіріп, бригаданың шығынын арттырады.  

Ал қызметін терең ізденіспен, үздіксіз талдаумен ұштастырған тәжірибелі мамандар өз жобаларында осы түйінді тарқатудың екі бағытын нақтылаған. Оның бірі – ПТОЛ аумағында жаңа жол салу болса, екіншісі – локомотивтің басқару кабинасын жаңарту. Сөйтіп, экономикалық тиімділік тұрғысынан мынадай көрсеткіштер аталады. Ең алдымен доңғалақ жұптарын жөндеу шығыны азаяды. Бұл қаржылық тұрғыда 110 млн теңгені құрайды. Сондай-ақ 420 мың кВт электр энергиясы мен 5 мың тонна дизель отыны үнемделеді. Оған қоса, жұмысшылар бригадасының уақыты 1 мың сағатқа қысқарып, локомотив өнімділігінің артуы 1 мың лок./сағатқа артады. Осындай оңтайлы істердің нәтижесінде станцияның өткізу қабілеті еселеніп, жүк айналымы өседі.  

«Қозғалыс сақшылары» командасы Түркістан станциясы паркіндегі шектік бағаналардан шығу сигналдары жоқ жолдарға жол нөмірін қою туралы да жоба ұсынды. 1-санатты Түркістан станциясы учаскелік деңгейдегі маңызды нысан болғандықтан, мұндағы кіші сұрыптау дөңесінде тәулігіне 1500 вагон өңделеді. Өткен жылы станцияда шығу бағдаршамдарының болмауы салдарынан бағыттағыш бұрманың зақымдану фактісі тіркелген. Оның себеп-салдары ретінде маневрлік локомотив машинисі маршруттың дұрыстығына көз жеткізбеген деген қорытынды шыққан. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін шектік бағаналарды пайдалану арқылы қатар тұрған жолдардың нөмірін көрсету ұсынылды. Жоба авторларының айтуынша, ГОСТ 8442-65 стандарты бойынша іске асырылған бұл жаңалық маневр машинисі мен маневр жетекшісіне нақты бағытты анықтауға көмектеседі. Нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, станция қызметінің қарқыны өседі деген сөз.  

 

Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы