Студенттерге дәріс оқыды

Аймақтар
25.11.2025, 08:39
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент магистральдық желі дирекциясына қарасты Арыс жол дистанциясы мен «Арыс қаласындағы №17 колледж» МКҚК арасындағы өзара ынтымақтастық келісімі аясында жуырда маңызды шара ұйымдастырылды.

Басқосу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай өткізіліп отыр. Ұлттық компания басшылығы 2025–2026 жылдардағы оқу кезеңінде тәжірибелі теміржолшылардың арнайы дәрістер өткізуін ресми түрде оқу бағдарламасына енгізгені белгілі. Осы мақсатта республика бойынша іске асырылуы тиіс арнайы жоспар бекітілген. Соның аясында Арыс ПЧ-54 бас инженері Думан Додабаев №17 колледжге арнайы барып, студенттерге дәріс өткізді.  

«Теміржол көліктерін электрлендіру негіздері» тақырыбында ұйымдастырылған шараға ұстаздар мен оқу-әдістемелік бөлім әдіскерлері және студенттер қатысты. Компания өкілі теміржол шаруашылығындағы соңғы жетістіктер мен қолданысқа енгізіліп жатқан жаңа технологиялар және жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы баяндама жасады. Сонымен бірге студенттердің сұрақтарына жауап беріп, олардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыра түсті.  

Айта кетейік, бүгінде Ғани Мырзахметов басшылық ететін Арыс теміржол колледжінде 826 студент білім алуда. Оның жартысынан көбі теміржол саласына қатысты төрт негізгі бағыт бойынша оқиды. 2 жыл 10 айлық оқу мерзімі бар мамандықтар қатарында: локомотив машинисінің көмекшісі мен жөндеу жөніндегі слесарь; сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау құрылғылары бойынша электромонтер; вагон жөндеу слесарі; байланыс желісінің монтері секілді кәсіптің қыр-сырын меңгеруде. Аталған санат бойынша бүгінде 440 студент мемлекет есебінен тегін білім нәрімен сусындап, арнайы стипендия алады.  

Колледж түлектерінің басым бөлігі Арыс қаласында орналасқан теміржол мекемелері мен кәсіпорындарына жұмысқа орналасып, кәсіби теміржолшы ретінде еңбек жолын бастайды.

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді