Өткеннен сабақ алу – міндет

Аймақтар
19.12.2025, 08:56
Суреттерді түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс жол дистанциясында «Өткен оқиға – болашақ нәтиже, біздің жауапкершілік» тақырыбында еңбек қауіпсіздігіне арналған өндірістік семинар-кеңес өтті. Маңызды басқосу тек есеп беру немесе ақпарат алмасумен шектелмей, әрбір қызметкердің өмірі мен еңбегін қорғауға бағытталған ортақ көзқарасты қалыптастыруды мақсат етті.

Жылжымалы құрамның қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуде жауапкершілігі зор 40-қа жуық жол шеберін біріктірген жиында саладағы өзекті мәселелер кеңінен қозғалды. Семинар барысында қауіпсіздік – кездейсоқтық емес, жүйелі жұмыс пен күнделікті тәртіптің нәтижесі екені тағы бір мәрте айқындалды.  

Кеңеске қатысқан Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Рауан Сүлейменов өндірістік жарақаттың алдын алу, тәуекелдерді басқару және қауіпті факторлар тізімін бекіту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Ал Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Додабаев мекемеге қарасты айналымдарда орнатылған бейнебақылау жүйесінің тиімділігіне талдау жасап, нақты нәтижелерді ортаға салды. Сондай-ақ Шымкент бөлімшесінің өндірістік, өнеркәсіптік және электр қауіпсіздігі мен экология қызметі секторының бастығы Ерлан Серперов еңбек қауіпсіздігі бойынша кешенді жоспардың орындалу деңгейі жөнінде баяндады. «Медикер-Өндірістік медицина» ЖШС өкілдері өндірісте жарақат алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмдерін тәжірибелік тұрғыда түсіндірді.  

Семинардың танымдық әрі тәжірибелік бөлігінде 10-шы айналым учаскесінде ПЧ-54 мекемесінің жол шебері Нұралы Шапанбаев өз әріптестерімен бірге рельсті ауыстыру технологиясының тиімді әдістерін іс жүзінде көрсетті. Ал жиын соңында Арыс жол дистанциясының бастығы Ғалымжан Мұқажанов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді тыңдап, ашық форматта пікір алмасты.  

Семинар барысында белгілі болған жайт, өткен жылдың көктемінде Арыс жол дистанциясында орын алған жазатайым оқиғадан кейін еңбек қауіпсіздігін күшейту мақсатында нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, оқиға тіркелген айналымда бейнебақылау жүйесі енгізіліп, алғашқы, жоспардан тыс, мақсатты және қайталама нұсқамалардың толық әрі сапалы өтуі қамтамасыз етілген. Сол нұсқамадан кейін жұмысшылармен кері байланыс орнатылып, сауалнама жүргізу, олардың денсаулық жағдайын бақылау, арнайы жұмыс киімінің дұрыс қолданылуын қадағалау жолға қойылды.  

Қазіргі кезде әр қызметкер нұсқаманы толық түсінгенін растау үшін арнайы белгіленген жасыл тіктөртбұрыш алаңына шығып, қол қойған уақыты бейнебақылау арқылы тіркеледі. Осындай келеңсіз оқиғадан кейін қолға алынған шараларға талдау жасалып, тәжірибенің тиімді тұстары осы басқосуда көпшілік назарына ұсынылды. Өйткені бейнебақылау жүйесін енгізудегі негізгі мақсат – өндірістік қауіпсіздікті арттыру және еңбек тәртібін сақтау, сондай-ақ нұсқамалардың тиімділігін күшейту және олардың орындалуын бақылау.  

Сол сияқты қызметкерлердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мен нұсқама барысын және қатысуды визуалды түрде растау, кері байланыс алу мен денсаулық жағдайын бақылауға да жіті көңіл бөлінеді. Оған қоса дистанция басшысының өкіміне сәйкес инженер-электроншы аптасына бір рет еңбек қорғау инженерімен бірлесіп бейнежазбаларды тексеріп отырады. Анықталған кемшіліктер жол шеберлерімен талқыланып, олардың себептері зерделенеді және басқа айналымдарда осындай жағдайлардың алдын алу үшін ескерту шаралары жүргізіледі. Осындай игілікті істің тиімді тәжірибесімен бөліскен Арыс жол дистанциясының бас инженері Думан Додабаев 10-шы айналымға орнатылған бейнебақылау жүйесі қауіпсіздік талаптарының бұзылуын едәуір азайтқанын атап өтті.  

Алдағы уақытта кәсіподақ ұйымымен бірлескен жоспарға сәйкес Арыс жол дистанциясында қосымша төрт айналымға бейнебақылау камераларын орнату көзделіп отыр екен.  

 

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді