«Үздік маман-2025»: Арыста теміржолшылар арасындағы кәсіби байқау мәресіне жетті

Аймақтар
26.12.2025, 09:42
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласында Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылаған «Үздік маман-2025» байқауы Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты теміржол мекемелерінің еңбеккерлері арасында өтті.

Мақсат – теміржол саласындағы жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, еңбек адамын дәріптеу, қызметкерлердің теориялық және практикалық дайындығын жетілдіру.  

Шараға Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Жомарт Мырзабеков, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Шымкент филиалының жетекшісі Нағима Салықбаевадан бөлек, қала әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, теміржолшы мамандығы қала тарихында үлкен құрметке ие екендігін атап өтті.  

Жиын Әнұранмен ашылып, қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан теміржолшыларды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды. Байқау барысында қатысушылар екі кезең бойынша сынға түсті. Алдымен теориялық білімдерін тестілеу арқылы дәлелдесе, кейін практикалық тапсырмалар орындап, кәсіби шеберліктерін көрсетті. Сарапшылар алқасы нәтижелерді әділ бағалап, үздіктерді анықтады.  

Байқау қорытындысында арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Үздік жол жөндеуші» – Шымкент жол дистанциясының жол жөндеушісі Есберген Бақдәулет; «Үздік байланысшы» – Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі Владимир Салтанов; «Үздік энергетик» – Түлкібас станциясының түйіспелі желі электромонтері Бақытжан Құрманалиев; ССПС машинистері арасында «Үздік машинист» – Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының машинисі Мұқағали Тастанбек; Қалпына келтіру пойызы бойынша «Үздік маман» – Шымкент қалпына келтіру пойызының кран машинисі Владимир Шарапов; «Үздік өрт сөндіруші» – Түркістан өрт сөндіру пойызының өрт сөндірушісі Ердәулет Төлбасиев; «Үздік вокзал қызметкері» – Арыс теміржол вокзалы бастығының кезекші көмекшісі Айткүл Сейсенбаева; «Үздік жол шебері» – Арыс жол дистанциясының жол шебері әрі жол бригадирі Оразбек Мырзахметов; «Үздік дәнекерлеуші» – Арыс қалпына келтіру пойызының дәнекерлеушісі Мейіржан Есіркепов және Шымкент жол дистанциясының өткел кезекшісі Руслан Абдешов «Үздік өткел кезекшісі» деп танылды. Өз кәсібі бойынша топ жарған жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен қаржылай сертификаттар табысталды.  

Сондай-ақ іс-шара аясында Шымкент бөлімшесінде әр тоқсан сайын өткізілетін балдық көрсеткішпен 2025 жылдың 3 тоқсан жұмысы қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Бұл бағыт бойынша Шымкент жол дистанциясы мен Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының 2-ші телім учаскелері (СОБ құрылғылары) және Электрмен жабдықтау дистанциясының №241 Арыс түйіспелі желі ауданының жұмыстары жоғары бағаланды. Ал жыл қорытындысы бойынша үздік мекеме номинациясына Арыс жол дистанциясы лайық деп танылды. Сонымен қатар теміржол саласының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар еңбек озаттарына Арыс қаласы әкімі атынан Алғыс хаттар табысталды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды