Дарынды балалар қолдауға ие

Аймақтар
08.01.2026, 11:04
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«Amanat» партиясының Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Магистральды желі» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен теміржолшылардың дарынды балаларына арналған «Жаңа жыл – жаңа арман, жаңа белес!» атты тағылымды мерекелік іс-шара өтті.

Оның мақсаты – теміржолшылардың дарынды, өнерлі, білімді балаларының жетістіктерін насихаттау, балалар арасында белсенді өмір салтын қалыптастыру, жас ұрпақтың болашағына деген сенімін нығайту. Жиын барысында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің директоры әрі «Магистральды желі» БПҰ төрағасы Ербол Сәулебеков жас жеткіншектерді құттықтап, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары, өнер фестивальдарының бас жүлдегерлері мен зияткерлік олимпиадалардың жүлдегерлерін марапаттады. 

Олардың қатарында спорт, өнер, ғылым, шығармашылық бағыттарында қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге жеткен Дайрабай Дидар, Дайрабай Ханбибі, Бақберген Рабия, Саматұлы Нұрперзент, Өтегенова Құралай, Жанболат Мейірлан, Ибайхан Айару, Абызбек Нұрасыл, Бекзат Ринатұлы, Темірбек Байбек, Сраждин Мадияр, Базарбай Алихан, Иманбай Бексұлтан, Базарбай Айару, Бахтиярова Майя, Нұрланұлы Олжас, Марат Айсұлтан, Төрехан Айзере, Шакибаев Нұрдәулет сынды дарынды балалар  бар.  

«Әр баланың жетістігі – табандылық пен еңбектің, ата-ана қолдауы мен ұстаз еңбегінің жемісі», – деп атап өтті бөлімше басшысы.  

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті