Ақжайық станциясында жүк тасымалы артып келеді

Аймақтар
23.01.2026, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жүк көлемі мол болса, станциялардың ширата жұмыс жасауға қауқары мол. Десек те, тасымал көлемі станциялардың пойыз өткізу қабілеті мен жұмыс тәсіліне де байланысты екені дау туғызбаса керек.

Атыраудың Ақжайық станциясы өткен жылда жүк тасымалы жоспарын орындап, бар мүмкіндігімен жұмыс істеді. Станцияның 7 қабылдап-жөнелту, 3 тұрақтау жолы бар. Маневр жұмыстары станция ішінде жасалып, екі маневрлік тепловоз күшімен атқарылуда. Станциядан күніне 2-3 пойыз, 100-150 вагон қабылдап-жөнелтіледі, жолдары қысқа, дөңесі жоқ станция үшін бұл аз емес, әсіресе жүк тиеу мен түсіру көлемі артқан кезде қиын. Жалпы, қалаға келетін жалпы жүктің 60 пайызы Ақжайыққа тиесілі. Былтыр барлығы 21 779 пойыз, 51 634 вагон қабылданыпты.  

Станция бастығы Бағытжан Абдрахмановтың айтуынша, өткен жылы жоспар межеден көріне алды. Мәселен, вагон айналымы 138,2 %-ға орындалды. Орташа тәуліктік жүк тиеу көлемі жоспарда 3 вагон болса, ол 64 вагон болып артығымен орындалған. Тоннамен есептегенде станция арқылы тәулігіне 38916 тонна жүк тиеліп, жоспар 107 пайызды құрапты. Өңірдегі мұнай компанияларының тоқтаусыз жұмыс жасауы тасымал көлеміне оң әсер етіп тұр.  

Ал жүк түсіру тәулігіне 49 вагон болса, ол 58 вагон болып, 118,4 пайызға, ал жүк тиеу 12 айда 719 вагон болып, 100 пайызға жетті. Атырау аймағында «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «МиялыҚарабау-Индер» тас жолдары құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруі де жүк көлемі мен салмағының артуына ықпал еткені рас. Жергілікті вагонның бір жүк операциясына тұруы да 106,7 пайызды құрап, жоғары көрсеткішті көрсетті.  

Басқа станциялар сияқты мұнда тек мұнаймен ғана жұмыс жасамайды, цистерналарға бензин, мазут, реактивті отын құйылады, еліміздегі ауыл шаруашылығы мекемелеріне тапсырыс бойынша дизель отыны жіберіледі.  

– Ақжайық станциясына қарасты жүк түсіріп-тиейтін 60 кірме жол бар, солардың нақты қолданыстағысы – 50.  

Олар қаланың әр түкпірінде орналасқан. Соған сай әркім өзіне қолайлы деген кірме жолдан қажетті жүктерін түсіріп ала алады. Міне, осы кірме жолдарда түсіріліп жатқан жүк көлемі де айтарлықтай. Жалпы, жүк тасымалы көлемі артып келеді деп болжап отырмыз, – дейді станция бастығы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды