Жауапкершілік жүгі жоғары

Аймақтар
03.02.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Шар станциясында жылашар тораптық кеңес өтті. Семей ЖТ бөлімшесінің бастығы Алмас Сейсемқановтың төрағалығымен өткен басқосуға НЖС-6 бөлімшесі бастығының орынбасары Азат Беркімбаев, «Досжан темір жолы» АҚ директоры А. Рахимов, «Қазтеміртранс» АҚ Семей филиалы директорының орынбасары Айгерім Тоқпанова арнайы қатысты.

Сонымен қатар Аягөз-Шар-Жаңа-Семей теліміндегі қозғалыс саласына қатысты барлық мекеме өкілдері мен Шар станциясының теміржолшылары да келді.

Жиын барысында сөз алған бөлімше басшысы Алмас Ғылымұлы әуелгі кезекте өткен жылдың 12 айы бойынша қозғалыс қауіпсіздігі қорытындысын жариялады. Бөлімше басшысы айтып өткендей, өткен жылы қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтірудің төрт фактісі тіркелген. Оның алдыңғы жылы 8 оқиға орын алған еді. Ахуалдың біршама жақсарғанын байқауға болады. Әйтсе де, орын алған келеңсіз жайттардан тиісінше сабақ алу керек. Бұл орайда бірінші кезекте станция қызметкерлеріне түсер жауапкершілік жоғары. Себебі станция басындағы маневрлік жұмыстар кезінде орын алған тосын жайттар бар.  

Сол тәрізді бүгінде кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мәселесі де күн тақырыбынан түспей тұр. Мәселен, өткен жылдың 12 айында бөлімше көлеміндегі кірме жолдар бойынша 25 кінәрат тіркелсе, алдыңғы 2024 жылы да 21 оқиғаға жол берілген.  

Тораптық жиын барысында айтылғандай, РБ-6 аппараты өткен жылғы қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіру фактілеріне жан-жақты сараптама жасаған. Бұл ретте тасымал процесіне қатысушылар тарапынан 78 ереже бұзушылық тіркелген. Ал алдыңғы жылы 89 жайт орын алған еді. Бөлімше ревизорлары жыл бойына жалпы саны 794 тексеру жұмыстарын жүргізіп, 8974 ескерту және 1414 тыйым салу іс-шараларын қабылдапты. Яғни қозғалыс процесі мен тасымал үдерісін қадағалау, бақылау жұмыстары тыңғылықты жүргізіліп жатыр.  

Басқосуда Семей магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Азат Санмұратұлы да сөз алып, өткен жылғы атқарылған жоспарлы жұмыстар жайында баяндады. Жол күтімінен бастап желі бойындағы мекемелерді жаңғырту жұмыстары биыл да жалғасатынын жеткізді.  

Жиын барысында Шар станциясына қатысты бірқатар өзекті мәселелер сөз болып, тиісті тапсырмалар берілді.  

Көтерілген мәселелердің барлығы хаттамаға енгізіліп, орындалу барысын қадағалауды бөлімше басшысы өз міндетіне алды.  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі