Маңғыстау локомотив депосы жаңа тепловоздармен толықты

Аймақтар
03.03.2026, 08:48
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Алдағы уақытта Маңғыстау локомотив депосы паркіндегі тепловоздардың жартысынан астамы жаңарады. Қытаймен келісімшарт негізінде депоға отыз шақты локомотив сатып алу жоспарланған. Бүгінге дейін оның он жетісі жеткізіліп, пайдалануға берілді.

Өткен жылғы желтоқсанға дейін жетеуі жеткізілген болса, биыл тағы он данасы алынды. Алғашқы ТЭ36А сериялы қос тепловоз түбекке қазан айында жетіп, екі айлық сынақ мерзімі тағайындалған болатын. Қазір депо шаруашылығында қолданыстағы бұл қытайлық локомотивтер техникалық сипаттамасы бойынша жоғары бағалануда. Сынақтан сүрінбей өткен тепловоздардың екінші легі өткен айда келді. Екі ел арасындағы кедендік бақылаулардан созылуына және жаңа локомотивтердің алдымен Балқаш депосында аялдауына байланысты түбекке келу уақыты біршама кешеуілдеген.  

– Қазір депода ТЭ36А серия- лы жаңа 17 локомотив бар. Бұл сериялы тепловоздар жүк тасымалдауға арналған. Бүгінде он машина қолданыста болса, жетеуі депода, оларды эксплуатацияға дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жолға шығуға әзірлеу үшін біраз тиісті бақылаудан өткізіп, суын, майын құю дегендей жұмыстары жасалады. Осы процестерді атқаруға қытайлық тепловоз өндіруші зауыттан сегіз маман келген. Барлық процедурасы біткеннен кейін толық дайындығы беріліп, локомотивтер жолға шығатын болады.

Алғашқы келген екі тепловозды сынақ мерзімінен өткізіп, біздің жолдарда жүруге мүмкіндігін тексеріп көрдік. Бәрі сәтті өткендіктен бұл жолы сынақ мерзімі тағайындалмайды. Жаңа келген локомотивтің барлығын Маңғыстау депосында пайдаланудамыз. Болашақта бәрі ойдағыдай болып жатса, айналым деполарының бәріне қажетіне қарай бөлеміз, – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосының жөндеуді бақылау бөлімінің бастығы Сәбит Зияев.  

Жалпы бүгінде депо паркінде 52 тепловоз бар. Оның 17-сі осы аталған қытай өндірісінен шыққан тепловоздар болса, 19-ы МК, 11-і ТЭМ2, қалған бесеуі – ТЭМ11А, ТЭ33А сериялы локомотивтер. Ескі тепловоздар қолданыстан шығарылып, орны су жаңа тепловоздармен толығуда.  

Сәбит Зияевтің айтуынша, жаңа үлгідегі тепловоздарды жүргізуге өткен жылы деподан төрт машинист оқып келген. Қазір олар осы тұрғыда өзге әріптестерін үйретуде. Тепловоз өндіру зауытымен «ҚТЖ» арасындағы келісімшарт бойынша алдағы уақытта 25 адамды осы тепловоздарды жөндеу мен пайдалануға Қытайда оқыту күтілуде.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді