Ел дамуының стратегиялық бағыты

Аймақтар
03.03.2026, 09:12
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде алдағы республикалық референдумның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды кездесу өтті. Лауазымды тұлғалардың қатысуымен өткен іс-шарада мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде конституциялық реформалардың мазмұны талқыланды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин спикерлік еткен талқылауға «Әділ және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының өкілдері, «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ Ақтөбе теміржол бөлімшесі мен Ақтөбе рельс арқалық зауытының еңбек ұжымдары қатысты.  

Мемлекеттік кеңесші теміржол саласы қызметкерлерінің ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Ол Негізгі Заңның жаңартылған редакциясының жобасы мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарлануын күшейтетінін, еңбек құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін бекітетінін және еңбек адамының мәртебесін арттыратынын алға тартты.  

Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар Конституцияға ұсынылған өзгерістер мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайтуға және елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін берік құқықтық негіз құруға бағытталғанын атап өтті. Соңында «сұрақ-жауап» форматында ашық диалог болды.  

Мәртебелі қонақтар Ақтөбе рельс арқалық зауытын аралап көріп, отандық өнім өндірісімен танысты.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов өңірдегі теміржолшы ардагерлермен кездесіп, сала дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріне алғыс айтты. Қазақ теміржолының тарихын жасаған майталмандарды марапаттаған компания басшысы: «Сіздердің тәжірибелеріңіз – біз үшін ең бағалы қазына», – деді.  

Ақтөбе ЖТ бөлімінің басшысы Бөріхан Беркімбаев аймақ теміржолының бүгінгі жағдайы мен алдағы жоспарлары жайында баяндады. Теміржол инфрақұрылымын жаңарту, жүк тасымалының тиімділігін арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бағытындағы жұмысқа тоқталды.

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды