Жамбыл филиалының еңбекқор арулары

Аймақтар
11.03.2026, 14:31
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының түрлі құрылымдық бөлімшелерінде табысты еңбек етіп жүрген әйелдер көп. Олар кеңседе ғана емес, жүк тасымалы қызметінде жауапты әрі ауыр жұмысты табандылықпен атқарып келеді. Мереке қарсаңында филиал директоры Айдын Сеитбенбетов теміржолшы қыз-келіншектерді құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.

–  Кешегі алғашқы паравозшы Жәбира Жүсіпова секілді аналарымыздың еңбек жолы – нәзікжандылардың ауыр жұмысты да ерлермен қатар еңсере алатынын көрсетті. Әйелдер Қазақстан темір жолында пойыздар қозғалысынан бастап, жүк айналымына жауапты, инфрақұрылымға техникалық қызмет көрсету, құжаттарды реттеу, стратегиялық жоспарлау, тағы сол сияқты кеңседегі жұмыстарды үлкен жауапкершілікпен атқаруда. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалында да өз міндетіне адал, табанды қыз-келіншектер баршылық. Бүгін міне, солардың бір парасы осында жиналды. Ару, Ана, Әйел – өмірдің мәні ғана емес, өмірдің өзі! Көктемнің ізгілік пен мейірім тұнған мерекесі құтты болсын!, – деген Айдын Пайзылдаұлы мереке иелеріне кәсіподақ ұйымы атынан сый-сияпат жасады.

Бұл күні филиал ұжымы, жалпы Жамбыл жол бөлімшесі теміржолшы әйелдерге ерекше құттықтау ұйымдастырғанын айта кеткенін жөн. Таңертеңгі уақытта кеңсеге асығып жеткен нәзікжандыларды филиал директоры Айдын Пайзылдаұлы бастаған ер азаматтар сән-салтанатпен күтіп алып, гүл шоқтарын сыйлады. Ақ тілектер марафонын ашып, әр бөлімдегі мереке иелеріне жылы лебіздерін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті.

Мұндай іс-шаралар филиалға қарасты барлық құрылымдық бөлімшелерде жалғасын тапты. Жалпы әлеуметтік көңіл күй әйелдің қас-қабағынан басталатыны – өмірдің дәлелді қажет етпейтін аксиомасы екенін көктем мерекесі айғақтай түскендей болды.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті