Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті

Аймақтар
26.03.2026, 11:05
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда ұлттық спорт күніне арналған жарыстар мәресіне жетті. Соның ішінде Бейнеу станциясында өткен ұлттық ойындар бәсекесі ерекше тартымды да тартысты өтті.

Спорт нұсқаушыларының ұйымдастыруымен Бейнеуде ерлер мен әйелдер арасында өткен садақ ату сайысына қатысушылар қатары көп болды. Бұл спорт түрі соңғы жылдары маңғыстаулық теміржолшылар арасында қарқынды дамып келеді. Түбектен әлемдік деңгейдегі додаларға шығып, жеңімпаз болып жүрген теміржолшылар да бар. Бейнеудегі жарыста ер азаматтар арасынан ТД-2 айналым депосынан Жайлау Жалғасбаевтың садағы нысанаға дәл тиіп, бірінші орынды иемденді. Екінші орынды Бейнеу жол дистанциясынан Бауыржан Нұрбергенов алса, үшінші орын Құрық портынан келген Мейрамбек Арқалықовқа бұйырды. Әйелдер арасынан да айналым депосынан Камила Әбілқайыроваға тең келер мерген болмады.  

Бейнеу жол дистанциясында өткен арқан тартудан бірінші орынды дистанция алса, екінші және үшінші орындар айналым депосы мен станция ұжымына бұйырды. Асық атуда ешкім жол дистанциясының жұмысшысы Қуаныш Бисенбаевтың алдына түсе алмады. Екінші орынды вагон депосынан Тұрар Ниязов, үшінші орынды қалпына келтіру пойызынан Болатбек Байғабылов алды. Ләңгі тепкендер арасында Тұрар Ниязов бірінші орынға жайғасты. Екінші және үшінші орындарды Ислам Құрманбаев пен Болатбек Байғабылов өзара бөлісті.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды