Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар

Аймақтар
27.03.2026, 08:49
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының қызметкерлері жыл сайын Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындарды жаңғыртып, арқан тарту, асық ату, қол күрестен ішкі біріншілік өткізуді дәстүрге айналдырған.

Биыл да сол үрдісті жалғастырып, ұлттық ойындардан өткен жарыс соңы Наурыз тойына ұласты.  

– Ұлыстың ұлы күніне орай Тараз филиалының әр атқыштар командасы арасында ішкі чемпионат ұйымдастырып, ұлттық ойын спортын насихаттадық. Арқан тарту, асық атудан жарыс аса тартысты өтті. Сондай-ақ ерлер командалары шағын футболдан бақ сынады. Сәуір айында әйелдер арасында қол күресінен республикалық біріншілік өткізеді. Бүгінгі іріктеуде топ жарғандар сол додаға жолдама ұтып алды. Бізде Сарышағандағы атқыштар командасында қыз-келіншектер көп, солар бүгін жақсы дайындықпен келіпті. Қарсылас шақ келтірмеді. Оларды өз салмақ дәрежесі бойынша жеңіске жеткен филиалдың әкімшілік қызметкері бастап барады. Арқан тартуда Түрксіб командасы үздік шықты. Ізгілік мерекесі – Наурыз тойының ұжымды ұйыстыра түскеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік. Әр команда іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысты, – дейді «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов.  

Еркін Түгелбайұлы мереке қарсаңында филиал қызметкерлерінің еңбекке деген құлшынысын арттырған жағымды жаңалықтар болғанын атап өтті.  

«Наурыз мерекесіне орай барлық қызметкерлерге сыйақы берілді. Тағы бір атап өтетіні, әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметін оңтайландыру, дер кезінде өз қызметін атқаруын жеделдету мақсатында автопарк жаңартылды. Республикалық аппараттан филиалға 7 Toyota Hilux көлігі берілетінін жария етті. Автокөліктердің кілтін мерекеден кейін әр атқыштар командасын шақырып, салтанатты түрде табыс ететін боламыз», – деп түсіндірді филиал директоры.  

Наурыз көже пісіріп, ақ дастархан жайылып, ән мен күйге бөленген мерекелік іс-шарада «Әскерилендірілген теміржол күзеті» қызметінде адал еңбегімен көзге түскендер Алғыс хаттармен марапатталды. Спорттық ойындар жарысының жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды