Маңғыстауда жол табаны сауықтырылуда

Аймақтар
21.04.2026, 09:01
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жаз – теміржол инфрақұрылымын сауықтыратын кезең. Бұл бағытта көктем басталғалы жұмысқа кіріскен түбек теміржолшылары Маңғыстау шойын жолының сапасын арттыру, өткізгіштік қабілетін жоғарылату бағытында біраз айтарлықтай шаруалар атқарып үлгерді.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі бойынша осы жылға жоспарланған жұмыстар наурыз айынан бастау алған. Бірінші кезекте күшейтілген орташа жөндеу жұмыстарына басымдық беріліп, бүгінгі күнге дейін он шақырымнан астам жол осы жөндеу түрінен өткізілді. Жұмысқа Ағадыр машиналандырылған жол дистанциясы филиалының техникалары жұмылдырылған. Аталған техникалардың күшімен Бейнеу жол дистанциясында станция басындағы жолдардың 7,730 шақырымы, Маңғыстау жол дистанциясында Шетпе станциясынан 3 шақырым жол қамтылып, күшейтілген орташа жөндеуден өткен. Бүгінде бұл жұмыстар Маңғыстау станциясында жалғасын тауып, мұнда да 3 шақырым жол жөндеуден өткізіліп, аяқталуға жақындады.  

– Биыл атқарылуы тиіс құрылыс-жөндеу жұмыстарының жобасын дайындап, күн жылына бастағаннан қарекетке кірістік. Күн-түн демей тынымсыз еңбектің нәти жесінде қазірге дейін біраз шаруаны шираттық. Сол наурыз айынан «Дуомат» жол машиналарының кешені күшейтілген орташа жөндеуден өткен жолдарда жолды қалпына келтіру жұмыстарын атқарып жүр. Ал «Унимат» машинасы жаңадан салынған бұрмаларды көтеру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар биыл жоспар бойынша Бейнеу жол дистанциясында – 4 дана, Маңғыстау жол дистанциясы аумағында 14 дана бағыттамалы бұрма ауыстырылады. Қазір осы жұмыстар да атқарылып жатыр. Малға қарсы қоршау тұрғызу мәселесі де қашанда өзекті. Бұл жұмыс жыл сайын атқарылады, осы жылы 56 шақырым қоршау саламыз. Соның 34 шақырымы ПЧ-12 Бейнеу дистанциясының, 22 шақырымы ПЧ-13 Маңғыстау дистанциясының аумағында бой көтереді. Бүгінде «Ямобур» техникасымен қоршаудың шұңқырын қазып, дайындап жатырмыз, – деп ақпар берді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің жол бөлімі басшысы Нұрлыбай Қисаев.  

Бөлім бастығының мәліметіне сүйенсек, биыл сонымен қатар түбек теміржолында 1151 шақырым аумақта малға қарсы қоршаулар қайта жөнделеді. Бұл жұмыстар да осы айда басталады. Бұлардың бәрі көктем мезгіліндегі атқарылуға тиіс жұмыстар, жаз мезгіліне де арнайы жоспар жасақталған. Жоспардың басында маусымға межеленген күрделі жөндеу тұр. Ол Күйкен бекетінен №2-3 бекет аралығындағы жалпы көлемі 32,167 шақырым жолды қамтиды.  

 

Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді