Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді

Аймақтар
08.05.2026, 15:44
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бейбіт елде өмір сүріп, тыныштықта өскен ұрпақ Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан даласында от кешкен жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің алдында қарыздар! Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында ардагерлерді ардақтап, майдангерлердің рухына құрмет көрсетілетіні сондықтан.

Мереке қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы директорының орынбасары Тұрсын Раймов, кадр бөлімінің бастығы Меруерт Баймұрзаева, филиалдың кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Серік Ақшораев Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінде өткен мерекелік іс-шараға қатысып, майдангер Иван Макеевті Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шарада желілік полицияның жеке құрамы сапқа тұрғызылды. Қонақтар бөлім аумағындағы ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Олег Родякин ардагер Иван Федоровичті Жеңіс күні мерекесімен, жеке құрамды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.  

Сонымен қатар, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалы директорының орынбасары Тұрсын Раймов құттықтау сөз сөйлеп, майдангерге ізгі тілегін арнады.

– 9 мамыр – ерлік рухтың даңқы аспандаған күн! Отан үшін от кешкен майдангерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Біз ардагерлерімізді әрқашан ардақтаймыз! Қатар келген мерейлі қос мерекемен баршаңызды, құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, елімізге тыныштық тілеймін! – дей келе Тұрсын Мухамедұлы Иван Макеевке филиал атынан сый-сияпат тапсырды.

Соғыс жылдарында Қиыр Шығыстағы шайқастарға қатысып, бірнеше қаланы жаудан азат ету операцияларында ерлік көрсеткен Иван Макеевтің бейбіт күндегі еңбек жолы темір жол саласымен байланысты өріледі. Елге келіп, кәсіби білім алған соң Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасып, 30 жыл қызмет етеді. Подполковник шенінде зейнеттік демалысқа шыққан ардагер биыл 99 жасқа толып отыр.  

«Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» мерекелік медальдарымен марапатталған ардагер Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамымен бірге қан майданда қаза тапқан майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінде Жеңіс күні мерекесіне орай сапқа қосылған жас сақшылардан Ант қабылдау дәстүрге айналған. Сондай-ақ бұл күні табысты еңбегімен көзге түскендерге шен беріліп, Алғыс хаттармен марапатталып отырады.

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?