Бір жұмысшы – бір өсімдік

Аймақтар
15.05.2026, 08:29
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері «Бір жұмысшы – бір өсімдік» акциясын өткізді. Мұның мәні – әр жұмысшы өз жұмыс орнында бір өсімдік өсіріп, соны күтіп баптайды.

Маңызды акцияға әкімшілік корпустың барлық персоналы, станциялар, вокзалдар, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері, яғни 500-ден астам адам атсалысты. Нәтижесінде жұмыс орындарында қолайлы және жайлы жағдай жасалды. Атап айтқанда, ПЧ-53, ПЧ-54, ШЧ-37, ШЧ-38, ЭЧ24 мекемелерімен қатар Арыс, Сарыағаш, Түркістан, Текесу, Шымкент, Қазығұрт, Ленгір, Бадам, Манкент және басқа да станциялардағы кабинеттер гүл көшеттеріне толды.  

– Эколог ретінде мен үшін гүлдер арасында жұмыс істеу – тек эстетика емес, кәсіби қажеттілік. Менің кабинетімде көптеген өсімдіктер, шамамен 45 құмыра гүл бар. Олар ауаны тазартып, оны оттегімен қанықтырып қана қоймай, сонымен қатар өнімді жұмыс істеу үшін дұрыс микроклимат жасайды. Бұл стресс деңгейін төмендетудің және кабинет ішіндегі ауаны жақсартудың ең оңай және тиімді әдісі екенін атап өту маңызды. Гүлдерге қарап, адам монитордан демалып, энергия алады, гүлдерді суару және күту арқылы аз да болса дене қозғалысын жасайды, бұл денсаулық үшін маңызды. Қорытындылай келе, «экология сіздің жұмыс үстеліңізден басталады» деп айта аламын. Егер әрқайсымыз айналамызда кішкентай оазис жасасақ, онда компаниядағы жалпы экологиялық мәдениет жақсы болады, – дейді аталған бөлімшенің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері, экологы Ғалия Егізбаева.  

Жұмыс орындарын көгалдандыру және абаттандыру жұмысы ұжымдардың экологиялық мәдениетін арттырудағы маңызды қадам болды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады