Ақтөбеде биыл 56 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізіледі

Аймақтар
19.05.2026, 08:51
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінде жазғы жол жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жиын өтті. Басшылық құрам мен салалық қызмет өкілдері қатысқан басқосуда 2026 жылға жоспарланған күрделі жөндеу, бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру, сигнализация және байланыс құрылғыларын жаңарту жұмыстары талқыланды.

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Темірғали Куштаев жиында биылғы маусымда атқарылатын негізгі міндеттерге тоқталды. Жоспарға сәйкес мердігер мекеме «Теміржол жөндеу» мекемесінің күшімен 56,9 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізілмек.

– Негізгі жұмыстар Орал, Никельтау, Қандыағаш және Біршоғыр жол дистанцияларында жүргізіледі. Қандыағаш жол дистанциясында Бақай – Тоқмансай және 312-313 разъезд аралығындағы учаскелерде 25 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтеді. Никельтау – Жазық, Жилаево – Пойма, Құдық – Жем аралықтарында да теміржол инфрақұрылымы жаңартылады, – деді Темірғали Куштаев.  

Сонымен қатар биыл 98 бағыттамалы бұрманы жаңасына ауыс- тыру жоспарланған. Оның ішінде Қандыағаш дистанциясына – 29, Ақтөбеге –20, Шалқарға 16 бағыттама орнату қарастырылған. Бірқатар учаскеде ескі бағыттамалар жаңартылып, орташа және күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.  

Жоспарға сәйкес ескі рельс желілерін ауыстыру, рельс дәнекерлерін қалпына келтіру, қоршау- ларды жөндеу, балласт қабатын терең тазарту, жол қисықтарын талапқа сәйкестендіру секілді жұмыстар да атқарылады. Қазіргі таңда бірқатар бағыт бойынша жоспар артығымен орындалған. Мәселен балласт қабатын тазарту жоспары 10 шақырым болса, іс жүзінде 11,4 шақырым орындалған. Теміржол қоршауларын жөндеу көлемі де жоспардан асып түсті.

Жиында сигнализация және байланыс шаруашылығындағы жұмыстарға да ерекше назар аударылды. Төрт ай ішінде құрылғыларды жаңарту, релелер мен электрқозғалтқыштарды ауыстыру, кабель желілерін жөндеу және техникалық сенімділікті арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілген. Әсіресе Қандыағаш, Шалқар, Илецк және Орал учаскелерінде тозығы жеткен құрылғыларды жаңарту, монтаж жүйелерін біріздендіру және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда.  

Жиын барысында жазғы жол жұмыстары кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жөндеу сапасын бақылау және жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау мәселелері де қаралды. Басшылық тарапынан барлық құрылымдық бөлімшелерге жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау тапсырылды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды