Маңғыстауда Транскаспий бағыты арқылы өтетін жүк тасымалы өсті

Аймақтар
19.05.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты негізгі жолдардың пайдалану ұзындығы мың шақырымнан асып, сапалық көрсеткіштері де жақсарған. Бұл өз кезегінде жүк айналымының кедергісіз жүзеге асуына, артуына ықпал етіп отыр. Мәселен, биылғы төрт айдағы жүк айналымына назар аударар болсақ, жоспар артығымен орындалып, көрсеткіш 2 млн 580 мың тоннаға жеткен.

Жүк тиеу жұмыстары да қыс айларында сәл-пәл бәсеңдеп, жалпы жоспарды орындау 99 пайызды көрсеткенмен, сәуір айында нәтиже жақсара түскен. Өткен айда күніне 105 вагон тиеу жоспары артығымен орындалып, 127 пайызды көрсеткен. Жүк түсіру барысында да көрсеткіштер жоғары. Тәулігіне түбек теміржолына 267 вагон жүк түсірілген. Қалған көрсеткіштер де жүз пайыздың үстінде жүзеге асырылған.  

Ақтау порты бойынша төрт айда 44 кеме жүк тиеліп, жіберілген. 143 мың тонна бидай тасымалданған. Ал Құрық портында 29 кеме жөнелтіліп, 101 мың тонна жүк шетел асқан. Ауа райының қолайсыздығына, 53 күн дауыл болуына қарамастан ауыстырып тиеу жұмыстары жалғасып, қорытындысы осылай жоғары деңгейге жеткен.

Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары бойынша контейнерлік кемелер көбейіп, аталған мерзімде осы бағытпен 85 кеме жүк жөнелтіліп, 15 275 контейнер ауыстырып тиелген.  

Құрық портынан 3218 вагон ауыстырып тиеліп, 253 мың тонна жүк тасымалданған. Портқа дейінгі станцияда ашылған жаңа терминалдың да жұмысы жандана түскен. Бұл нысан арқылы өткен жүктер көлемі былтырғыға қарағанда артып, он кеме осы жерден жөнелтілген.  

Түбек теміржолының тасымалын арттырып отырған тағы бір нысан – қайта ашылғанына көп бола қоймаған Бейнеу астық терминалы. Аталған кәсіпорын бір ғана сәуір айында 21 вагон жүк түсірген. Төрт вагон тиеп, экспорттаған.  

Жоғарыда атап өткеніміздей, жүк тасымалына әсер ететін алғышарттардың ең маңыздысы жолдың жағдайы мен күтіп ұсталуы болғандықтан түбектік теміржолшылар бұл бағытта да жұмыстарын жандандырып отыр. Қазірде магистральдық желі бөлімшесіне қарасты негізгі пайдаланудағы жолдардың 547,1 шақырымы ПЧ-12 Бейнеу, 533,6 шақырымы ПЧ-13 Маңғыстау жол дистанцияларына тиесілі. Бұл аталған жолдарда бағыттамалық бұрмалар саны 690 жиынтыққа, теміржол өткелдерінің саны 60-қа жеткен. Жүзден астам темірбетонды көпірлер мен бес жүзге жуық темірбетонды құбырлар қызмет көрсетіп тұр.  

Биыл бөлімше жолдарының біраз бөлігінде өткізу сапасы тағы да жақсаратын болады. Куйкен – Бекет 2 – Бекет 3 аралығында 32,167 шақырым жол күрделі жөндеуден, станциялық жолдардың 16,984 шақырымы күшейтілген орташа жөндеуден өткізіледі деп жоспарланған. Бағыттамалық бұрмаларды 16-сын жаңасымен ауыстыру, 56 шақырым жолға малға қарсы қоршау салу, мың шақырымнан астам аумақтағы қоршауларды жөндеу межесі қойылған.  

 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл