Қауіпсіздік пен сапаның жаңа стандарты

Аймақтар
26.05.2026, 09:15
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі болат жолда қауіпсіздік пен сапаның жаңа стандартын қалыптастыруда. Мұны дистанция ұжымының 2026 жылдың алғашқы төрт айында қол жеткізген жоғары өндірістік көрсеткіштерінен байқауға болады.

Дистанция бастығы Әбдірахман Сырғабаевтың сауатты басқаруы және қызметкерлердің кәсіптеріне деген адалдығының арқасында ағымдағы жылдың төрт айында пойыз және маневрлік жұмыстар барысында бірде-бір апатты оқиғаға немесе инцидентке жол берілмеген. Техникалық құрылғыларды күтіп ұстау және оларға дер кезінде жоғары деңгейде сервистік қызмет көрсету өз жемісін беріп, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 11 ақау биыл 6 бірлікке дейін азайған. Тілсіз техниканың осындай қатесіз жұмыс істеуінің артында құрылғыны баптап, үнемі бақылауда ұстайтын СОБ мамандарының еңбегі тұр. Мәселен, есепті кезеңде пойыз құрамының қоршау шегінен шығып кетуін бақылайтын УКСПС және жүктің габаритсіздігін анықтайтын КГУ құрылғылары бойынша 1 іске қосылу жағдайының тіркелуі жүйенің дер кезінде ықтимал қауіптің бетін қайтарып, үлкен апаттың алдын алғанын көрсетеді. Заман талабына сай болат жолдың бойындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында негізгі құралдарды есептен шығару бойынша 4 жағдайдың тіркелуі де дистанцияның ескірген құрылғылардан арылып, орнына сенімділігі жоғары, жаңа үлгідегі заманауи автоматтандырылған жүйелерді енгізуге бет бұрғанын, яғни даму мен жаңарудың айқын белгісін көрсетеді.  

Әсіресе сәуір айы дистанция үшін нағыз еңбек майданына айналды. Мұнда 2025 жылғы 4 ақаудан биылғы сәуірде мүлдем «нөлдік» көрсеткішке қол жеткізу оңай жұмыс емес еді. Дистанцияда 30-40 жылдан асқан ескі үлгідегі ЭЦ құрылғылары, бағыттамалық бұрма мен жүздеген шақырымға созылған кабель желілері болса да, теміржолшылардың рухы мен кәсібилігі тозған жоқ. Осы айда техникалық қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін таныта отырып, Шиелі мен Белкөл станцияларында маневрлік және кіріс бағдаршамдарының монтажы мен батарея шкафтары толық жаңартылды. Бақтысай, Төретам, Қызылтам бекеттерінде трансформатор жәшіктері мен жол қораптары ауыстырылып, қауіпсіздік қалқаны күшейтілсе, Қызылорда мен Жайылма станциясында бағыттамалы бұрмалардың электржетектері мен монтаждары ең озық технологияларды қолдану арқылы қайта жасақталды.  

Дистанция бастығы Әбдірахман Сырғабаев әрбір есепті кезеңнің қорытындысына тек құрғақ сандар тұрғысынан емес, адамның кәсібилігі тұрғысынан қарайды. Ол теміржолшылардың еңбегіне ризашылық айтып, ұжымға алғысын білдірді.  

Шынында да, дистанция қызметкерлері үшін әрбір бағыттамалы бұрма, әрбір бағдаршам мен кабель желісі жай ғана темір мен сым емес. СОБ құрылғысының кез келген секундтық іркілісі тек бір станцияның ғана емес, бүкіл Сыр өңірі мен аймақ теміржолшыларының жұмысына нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтан Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы ұжымының басты қағидаты, мінсіз қызмет көрсету арқылы қозғалыс қауіпсіздігін сақтап, сапалық және сандық көрсеткіштердің үдесінен көріне білу.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл