Алты жасар Ақнұрдың жетістігі

Аймақтар
29.05.2026, 08:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ментальді арифметикадан Өзбекстанның Бұхара және Алматы қалаларында өткен халықаралық білім бәсекесінен жүлдемен оралған алты жасар тараздық Ақнұр Бақыттың ата-анасына Алғыс хат жолдады.

Ақнұрдың анасы Зейнеп Дәулетова Тараз қаласындағы Бурыл станциясында жүк қабылдаушы болып еңбек етеді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов зейіні мен зеректігінің арқасында жеңіске жеткен Ақнұр мен анасын қабылдап, компанияның басқарма төрағасының Алғыс хатын тапсырды. Бейсеуовтер отбасын жетістіктерімен құттықтап, филиал атынан велосипед тарту етті.  

– Біз талантты балаларымызды әрқашан қолдаймыз. Ақнұрдың халықаралық жарыстан жеңіспен оралуы – үлкен жетістік. Компания басшылығы теміржолшылар отбасын қолдауға, сала мамандарын ынталандыруға баса мән береді. 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында талантты, талапты жеткіншектерімізді марапаттап, балғындарымызға мерекелік көңіл күй сыйлау дәстүрге айналған, – деді Дүйсенбек Сыдықов.  

Ақнұр Бақыт шаһардағы «Келешек мектептері» жобасы аясында ашылған №66 мектептің даярлық сыныбын аяқтады. Анасы Ақнұрды 5 ай бұрын ментальді арифметика үйірмесіне бергенін айтады.  

– Күйеуім басқа саланың маманы, екеуіміз 4 баланы тәрбиелеп отырмыз. Тұңғышым 9-сыныпты бітірді. Ақнұр күзде 1-сыныпқа барады. Екеуі әлі мектеп жасына жеткен жоқ. Ақнұрдың ментальді арифметиканы меңгере бастағанына жарты жылға жуықтады. Екі бірдей халықаралық жарысқа қатысты. Өзбекстаннан 2-орын, Алматы қаласынан 1-орынды жеңіп алды. Алда тағы бір білім бәсекесі күтіп тұр, – дейді анасы.  

Зейнеп Дәулетова 12 жылдан бері Бурыл станциясында жүк қабылдаушы болып еңбек етіп келеді. Жұмыста – жауапты маман, отбасында – бала тәрбиесін алдыңғы орынға қоятын ана.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды