«WorldSkills – 2026»: Тараздық студенттердің жетістігі

Аймақтар
01.06.2026, 11:36
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жұмысшы және техникалық мамандықтарды даярлаудағы өзекті мәселелерді зерделеуге бағытталған «WorldSkills» жобасы – бүгінде кәсіби білім алған түлектердің бәсекеге қабілеттілігін салыстыру және бағалау алаңына айналған.  

Жамбыл облыстық білім басқармасы ұйымдастырған «WorldSkills Jambyl – 2026» чемпионатында «Теміржол локомотивін басқару» құзыреттілігі бойынша кәсіби дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алған Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенттері Саидамир Әбдібек пен Алан Сариев жүлдегер атанып, үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Болашақ теміржолшылар конкурста бәсеке жоғары болғанын айтады. Олар «WorldSkills» – тек қана конкурс емес, шеберлік дағдыларын жетілдіру және дамытуға мүмкіндік берген жоба екенін жеткізді.  

– Байқауға дайындық барысында өз мамандығымызға деген қызығушылығымыз арта түсті. Теориялық білімімізді, кәсіби дағдымызды көрсету үшін көп іздендік. Чемпионатта әр мамандыққа арналған тапсырмалар беріледі. Оны нақты жұмыс орнында белгілі бір уақыт ішінде орындау керек, – дейді облыстық чемпионаттың жүлдегері, болашақ машинист Алан Сариев.

Студенттерді чемпионатқа бастап барған колледж директорының оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары Жеңіс Тайбеков жыл санап аталған шеберлік байқауына қатысушылар қатары артып келе жатқанын, конкурсқа қатысқан колледж студенттерінің жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.  

Жеңіс Мэлсұлының айтуынша, конкурстың облыстық кезеңінде түрлі жұмысшы мамандықтары бойынша бақ сынаған үміткерлер топтық жұмыс бойынша бірінші орын, жекелей сынға түскендердің төртеуі үшінші орынды олжалаған. Атап айтсақ, «Құтқару жұмыстары» құзыреттілігі бойынша «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығының 1-3 курс студенттерінен жинақталған «Арлан» тобы жеңіс тұғырына көтерілсе, «Сұңқар» тобы үздік бестікті түйіндеді.

Ал «Сандық бағдарламамен басқарылатын станоктарда токарлық жұмыс» құзыреттілігі бойынша Арсен Оспан, «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша Нұрислам Хасанов, «Теміржол локомотивін басқару» құзыреттілігі бойынша Саидамир Әбдібек және Алан Сариев үшінші орын жүлдегері атанған.  

 

Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды
Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл