Еңбек түбі – береке

Аймақтар
05.06.2026, 08:54
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстауда теміржолшылардың еңбегі еленіп, марапатқа ие болды. Өңірге іссапармен келген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Асан Үмбетов көктемгі байқау қорытындысы және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жоғары жауапкершілігі үшін бірнеше сала қызметкеріне Алғыс хат табыстады.

Көктемгі комиссиялық байқаудың қорытындысына назар аударған Үмбетов алдағы міндеттерге де тоқталып өтті. Әрбір сала қызметкері өзіне тапсырылған міндетті адал және ұқыпты атқарып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жоғары жауапкершілікпен қараса, барлық жұмыс талаптарға сай болатынын айтты. Осы тұрғыда жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, құрылғылар мен шаруашылық нысандарын күтіп ұстап, еңбек тәртібін сақтап, қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға үлесін қосып жүрген түбек теміржолшыларына ризашылығын жеткізді.  

Бас директор Маңғыстау станциясы агенттік пунктінің бастығы Амантай Нұрсапин, Маңғыстау локомотив пайдалану депосының Жаңаөзен айналым депосы бойынша бастығының орынбасары Данияр Замкенов, Маңғыстау жол дистанциясының бастығы Қуаныш Есжанов, Маңғыстау электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Игілік Машырықов, Маңғыстау қалпына келтіру пойызының бастығы Ербол Мүсірханов, Маңғыстау қалпына келтіру пойызының кран машинисі Рахымғали Сұлтанов, Маңғыстау станциясы «Р» бекетінің кезекшісі Үміт Жұмалабаева, Маңғыстау ст. агенттік пункті тауар кеңсесінің басшысы Гүлжамал Балғожаева, Маңғыстау локомотив депосының жөндеуді бақылау бөлімі бастығы Сәбит Зияев, тепловоз машинисі Тоқтамыс Нұранов, Маңғыстау жол дистанциясының жол шебері Ғабит Абилов, Маңғыстау байланыс дистанциясының электромеханигі Ақжол Тұмыш сынды азаматтарды Алғыс хатпен марапаттап, сертификат табыс етті.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты