Қоршаған ортаны қорғау – ортақ міндет

Аймақтар
08.06.2026, 12:21
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай салалық-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. «Климаттың өзгеруінің теміржол инфрақұрылымына әсері» тақырыбын талқылаған жиын аралас форматта өтіп, барлық құрылымдық бөлімшелер қатысып, қашықтағы жауапты мамандары бейнебайланыс арқылы қосылды.

Конференция модераторы, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні – әлемде, оның ішінде елімізде табиғатты қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелеріне қоғамның назарын аударуға ықпал етіп отырғанын, экологиялық проблемалар теміржолшылар назарынан тыс қалмайтынын атап өтті.

– Қазіргі заманның өзекті экологиялық проблемаларының бірі – климаттың өзгеруі. Орташа ауа температурасының жоғарылауы экстремалды ауа-райы құбылыстарын жиілетуде. Жауын-шашын режимінің өзгеруінен табиғи апаттардың көбеюі экономиканың әртүрлі салаларына, соның ішінде теміржол көлігіне айтарлықтай әсер етуде. Бұған нақты мысал келтіруге де болады.  

Осыдан үш жыл бұрын көктемде қатты жауын-шашынның әсерінен таудан сел ағып, Аспара станциясының маңындағы көпірді, автомобиль трассасын шайып кеткен болатын. Соның салдарынан тақ және жұп жолдардағы жолаушылар пойызы тоқтап қалды. Біз шұғыл түрде көпірді жөндеуге кірісіп, пойыздар қозғалысын қалпына келтірдік, – деді бас инженер.

Дүйсенбек Сыдықов қатты дауылдар мен боранның, жазғы аптап ыстықтардың теміржол инфрақұрылымына тигізер зиянына тоқталып өтіп, жол құрылысы кезінде сол аумақтың қандай географиялық-климаттық белдеулерге жататыны ескерілуі керектігін қозғады. Сонымен қатар жүк тасымалы кезінде, әсіресе химиялық жүктерді тиеу-түсіру, жеткізудегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

– Жүкті қабылдап-өткізер уақытта вагон-цистерналардың ақаусыз болуын қадағалау, жол бойы техникалық бақылау жүргізу – қоршаған ортаны қорғаудың міндетті талабы болса, екіншіден экономикалық шығындардың алдын алудың жолы, – деп түсіндірді модератор.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология бөлімінің бастығы Медет Қарымбаевтың айтуынша, филиалға қарасты барлық құрылымдық бөлімшелерде қауіпсіздік, еңбекті қорғау, экологиялық мәселеге жауапты мамандар бар. Олар жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау бағытында бірнеше рет акция мен түрлі іс-шаралар өткізіп отырады. Айталық, ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосында осындай мақсатта 4 ауқымды іс-шара ұйымдастырылған.  

Жиында депо бастығының өндіріс ісі бойынша орынбасары Алмаз Қожабаев өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісті. Оның айтуынша, экологиялық акциялар тек қана депо аумағында тал отырғызумен шектелмеген. «Жасыл кеңсе», «Көліксіз бір күн», «Пластиксіз бір күн», «Дармарка» секілді ұйымдастырылған іс-шаралар ұжым қызметкерлерінің де қызығушылығын туғызып, бастаманы түгелдей қолдапты.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты