Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды

Аймақтар
12.06.2026, 09:34
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау вагон депосының Бейнеу станциясындағы техникалық қосынының вагон қараушысы пойыздар қозғалысына қауіпті ақауды анықтап, апаттың алдын алды.

Түнгі ауысымдағы міндетін атқару барысында Бейнеу станциясына Мақат бағытынан келген 2732 жұп пойызының құрамын техникалық тексеру кезінде вагон қараушы Еламан Тышқанбаев анықтаған ақау жүк құрамының 22-ші вагонынан табылды. Вагонның төртінші дөңгелек жұбынан күдікті байқаған ол тағы да анықтап қарап, ақауға көз жеткізген соң нұсқаулыққа сай сауатты әрекет етті.  

– Сағат шамамен түнгі 21-22-де Мақат бағытынан келген, Ақтау портына қарай жол жүретін құрамның вагондарын тексеріп жүріп вагон дөңгелегінде букстың жылжып кеткенін байқадым. Ішін ашып қарасам, букс торабы подшипниктері шашылып жатыр. Бұл біздің тілде салқын күйде букстың 30 мм жылжығанын және букстық тораптың бұзылуын білдіреді. Ақауды дереу тиісті адамдарға хабарлап, вагондар доңғалақ жұптарын ауыстыру үшін торға ағытылды, – дейді бейнеулік вагон қараушы Еламан Тышқанбаев.  

Жас вагон қараушының еңбегіне баға берген аға буын өкілдері оның өз міндетін ұқыптылықпен атқарып, сын сағатта жауаптылық танытқанын және нұсқаулыққа сай сауатты әрекет ете білгенін атап өтті. Бейнеу политехникалық колледжін теміржолшы мамандығы бойынша бітірген Еламанның бұл – алғашқы жеңісі. Екі ай сынақ мерзімінде болып, тәжірибелі вагон қараушылардан дәріс алған оның жеке-дара вагон қараушы міндетін атқаруға шыққанына бірнеше ай ғана болған.  

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты