Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады

Аймақтар
16.06.2026, 09:17
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей теміржолының Ауыл және Белағаш станцияларындағы вокзалдар қайта жаңғыртылып, күні кеше пайдалануға берілді. Келбеті келіскен вокзалдар алыстан көз тартады.

Ауқымды жоба аясында жаңартылып, қайта түлеген қос вокзалдың ашылу рәсіміне Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Марат Есқалиев, облыс әкімі Берік Уәли және Семей магистральдық желі бөлімшесі басшысының вокзал шаруашылығы бойынша орынбасары Нұрлан Әзімханов қатысты.  

Ауыл станциясындағы теміржол вокзалы 1929 жылы салынған. Жалпы, Ауыл – аймақтың көлік жүйесінде маңызды орын алатын, мол көлемде астық тиелетін станция. Жолаушы пойыздары да аз емес, халықаралық бағыттағы «Новосібір-Алматы» пойызы қатынайды.  

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов өз сөзінде республика бойынша 124 вокзалдың жаңғыртылып жатқанын, соның ішінде екі нысан алғаш болып Абай облысында пайдалануға беріліп отырғанын атап өтті.  

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 2025 жылдан бері теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ауқымды жоба еліміздің көлік инфрақұрылымын кешенді жаңартуға, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және саяхат үшін заманауи, жайлы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға бағытталған, – деді ол.  

Мәртебелі меймандар ғимарат ішін аралап көрді. Реконструкция барысында ескірген шатыр толық ауыстырылып, заманауи түрдегі ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілген. Су, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау, желдету және кондиционер жүйелері жаңарған. Перрондар қайта жөнделіп, іргелес аумақтар абаттандырылған. Басты ерекшелік – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасауға көңіл бөлінген. Ғимаратта санитарлық тораптар, ана мен бала бөлмелері, пандустар мен тактильді бағыттаушы элементтер де қарастырылған.  

Осыдан кейін Белағаш теміржол вокзалының ашылу рәсіміне қатысқан қонақтар мұнда да жергілікті тұрғындар қуанышымен бөлісті.

– Жоба Мемлекет басшысы мен ел Үкіметінің көлік инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Көлік транзитінде маңызды орын алатын, 1926 жылдары салынған Белағаш вокзалын жаңғырту барысында да қазақстандық құрылыс материалдары пайдаланылды. Заманауи сәулеттік келбетке ие болған ғимараттың қасбеті мен шатыры жаңарып, әрлеу жұмысы жүргізілді. Инженерлік желілер толық жаңғыртылды. Ішкі үй-жайлар заманауи жанбайтын материалдарды пайдалана отырып орындалған, – деді өз сөзінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры Марат Есқалиев.  

Жалпы, қайта есік ашып отырған вокзалдар қазақстандық өндірістің желдету жүйелерімен, өрт дабылымен, ауа баптағыштармен және жаңа жиһаздармен жабдықталыпты. Жоба аясында жолаушылар платформалары да жаңартылып, вокзал аумақтары абаттандырылды.  

Бүгінде Абай облысында тағы 8 вокзалда жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Олар: Семей, Аягөз, Шар, Ақтоғай, Жалаңашкөл, Дегелең, Үшбиік және Жарма станцияларының вокзалдары. Жаңарып-жаңғырған барлық вокзалдар жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп, ел игілігіне айналатын күн алыс емес.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты