Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды

Аймақтар
26.06.2026, 17:20

Солтүстік Қазақстан облысында Жаңаесіл және Саумалкөл станцияларындағы теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды. Объектілерді жаңарту Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің вокзалдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде орындалды. деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қайта құру барысында Вокзал ғимараттары толығымен жаңартылды: құрылыс конструкциялары күшейтіліп, инженерлік желілер мен шатыр жабыны ауыстырылды, қасбеттер жөнделді және үй-жайларды ішкі әрлеу жүргізілді, жолаушылар платформалары жаңғыртылды. Вокзалдар жаңа жиһаздармен және заманауи жабдықтармен жабдықталған.

Кедергісіз ортаны құруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін пандустар жабдықталып, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін тактильді плиткалар төселген. Сонымен қатар, вокзалдар өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес қосымша эвакуациялық шығу есіктерімен  жабдықталған.

1960 жылы пайдалануға берілген Жаңаесіл станциясының вокзалы тәулігіне орта есеппен 150 жолаушыға қызмет көрсетеді. Қайта құрудан кейін ғимараттың ауданы 429-дан 570 шаршы метрге дейін ұлғайды, бұл жолаушылардың жүріп-тұру жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

1966 жылы салынған Саумалкөл станциясының вокзалы күн сайын шамамен 55 жолаушыға қызмет көрсетеді. Қайта құру нәтижесінде жалпы ауданы 207 шаршы метр ғимарат жаңартылып, пойыздарды күту мен жолаушыларға қызмет көрсету үшін қазіргі жағдайға сай әрі жайлы жағдайлар жасалды.

Теміржол вокзалдарын жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, заманауи көлік инфрақұрылымын дамытуға және вокзалда болудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Вокзал кешендерін жаңарту жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде жалғасуда.

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды