Қызылорда облысында екі вокзал мен жолаушылар платформасы жаңартылды

Аймақтар
27.06.2026, 17:07

Қызылорда облысында Жаңақорған және Шиелі станцияларындағы теміржол вокзалдарын, сондай-ақ Талап жолаушылар платформасын қайта жаңарту аяқталды. Жобаларды іске асыру жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және заманауи көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған деп хабарлайды Rail-news.kz.

1976 жылы салынған Жаңақорған станциясының теміржол вокзалы толығымен жаңартылды. Қайта жөндеуден кейінгі үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы 922,3 шаршы метрді құрайды.

Жұмыс барысында шатырды ауыстыру, сыртқы және ішкі әрлеу, сумен жабдықтау, кәріз, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, іргелес аумақ пен  перронды абаттандыру, заманауи жабдықтар мен жиһаздар орнатылды.

Ғимараттың қасбеті берік травертинмен қапталған, жертөле қазақстандық өндірістің гранит плиткасынан жасалған. Отандық өндірістің энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар заманауи алюминий витраждар орнатылды, бұл ғимараттың табиғи жарық деңгейі мен энергия тиімділігін арттырды.

Жаңақорған станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 220 адамды құрайды. Станция арқылы Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Көкшетау, Маңғыстау облысы, Орал, Түркістан, Петропавл, сондай-ақ Ресей және Өзбекстан елдерімен қатынасатын 30 жолаушылар пойызы қатынайды.

1904 жылы салынған Шиели станциясының теміржол вокзалы да толығымен жаңартылды. Бір қабатты ғимараттың жалпы ауданы 636,4 шаршы метрді құрайды.

Қайта құру барысында шатыр, қасбет және ішкі үй-жайлар жаңартылып, инженерлік желілер жаңғыртылды, іргелес аумақ пен перрон абаттандырылды, жаңа жабдықтар мен жиһаздар орнатылды. Қасбеті травертинмен, жертөлесі қазақстандық гранит плиткамен қапталған. Энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар заманауи алюминий витраждар орнатылып, талапқай сай жылу оқшаулағыш материалдар, жанбайтын әрлеу материалдары, дыбыс оқшаулағышы бар тірек төбелер және тозуға төзімді еден жабындары қолданылды.

  Шиели станциясының теміржол вокзалы III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 310 адамды құрайды. Станция арқылы Алматы, Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Маңғыстау облысы, Орал, Көкшетау, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен қатынайтын 26 жолаушылар пойызы қатынайды.

Сонымен қатар, Талап жолаушылар платформасын қайта құру аяқталды. 

Нысандарды қайта жаңарту жолаушылар инфрақұрылымын жаңартуға, қауіпсіздік деңгейін арттыруға және өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.     

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды