Атырауда теміржол техникасын сынақтан өткізетін тәуелсіз орталық ашылды

Аймақтар
02.07.2026, 17:14
Сурет: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда Texol Industrial индустриялық жобасы аясында заманауи тәуелсіз ғылыми-зерттеу және сынақ орталығы пайдалануға берілді деп хабарлайды Rail-news.kz.

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда локомотивтер, жүк вагондары мен өзге де техникаларды зертханалық жағдайда ғана емес, қозғалыс барысында да толық сынақтан өткізуге мүмкіндік бар. Енді отандық кәсіпорындар өнімдерін сертификаттау, типтік және өзге де сынақтарды шетелдік зертханаларға жүгінбей-ақ, Қазақстанда ұлттық және халықаралық талаптарға сәйкес жүргізе алады.

Орталықтың ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мұрзиев қатысты. Оның айтуынша, бұл жоба өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, отандық машина жасау саласының дамуына серпін береді.

– Атырау облысы – еліміздегі жетекші өнеркәсіптік өңірдің бірі. Бүгінде Қазақстанда өндірілетін мұнайдың 60 пайыздан астамы, табиғи газдың шамамен 80 пайызы осы аймаққа тиесілі. Сонымен қатар өңірде машина жасау саласы да қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда облыста осы бағытта 195 кәсіпорын жұмыс істейді. TEXOL компаниясының бастамасымен ашылған тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығы саланың жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады, – деді Марат Мұрзиев.

Бұл орталық қызметін TEXOL компаниялар тобы ғана емес, өзге өндіріс орындары да пайдалана алады. Тәуелсіз ғылыми-зерттеу орталығының директоры Константин Потаниннің айтуынша, сынақтың барлығы бір жерде жүргізіледі.

– Бұған дейін TEXOL компаниялар тобы өз өнімдерін сынақтан өткізу үшін басқа елдердегі орталықтарға баруға мәжбүр еді. Енді қажетті сынақтың бәрін өзіміз жүргіземіз. Орталықта сертификаттау, типтік, қабылдау-тапсыру сынақтары, кіріс бақылауы және басқа да тексерулер толық қамтылады. Мұнда орнатылған жоғары дәлдіктегі әмбебап жабдықтардың кейбірінің әлемде баламасы жоқ. Бізде теміржол техникасын ғана емес, машина жасау, құрылыс және басқа да салалардың өнімін сынақтан өткізуге мүмкіндік бар, – деді Константин Потанин.

Бүгінде орталықта он маман еңбек етеді. Алдағы уақытта олардың саны 15–20 адамға жетпек.

Сынақ орталығы Атырау вагон жасау зауытының базасында ашылды. Кәсіпорында люкті жартылай вагондар, сұйытылған көмірсутек газын тасымалдауға арналған цистерналар, мұнай тасымалдайтын цистерналар мен контейнерлік платформалар шығарылады. Толық өндірістік циклмен жұмыс істейтін зауыт жылына сегіз мыңнан астам жүк вагонын шығаруға қауқарлы.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады