Теміржолға адал перзент өсірген әкеге алғыс

Аймақтар
03.07.2026, 08:51
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Асан Үмбетов Маңғыстау локомотив пайдалану депосы тепловоз машинисінің көмекшісі Азамат Тулеповтың әкесін арнайы құттықтады.

2021 жылы машинист Дәулет Толыбаев пен көмекшісі Азамат Тулепов екеуі жолсапарда келе жатып апаттың алдын алған еді. Олар №15 бекет пен №14 бекет аралығындағы 333-шақырымда теміржолды су басып қалғанын алыстан байқап, пойызды жедел тоқтатып үлгерген. Оқиғаны дереу тиісті қызмет орындарына хабарлап, жол қозғалысына төніп тұрған қауіпті дер кезінде ескертеді.  

Өзінің қызметік міндетін адал атқарып, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін сақтаудағы қырағылығы үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталған Азаматтың әкесі Қайрат Тулеповты Әкелер күніне орай ұялы телефонмен бейнеқоңырау арқылы құттықтаған Асан Үмбетов теміржолға адал перзент өсіріп тәрибелегені үшін алғыс айтып, сый-сыяпатын жолдады. Бас директордың марапатын Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің персоналды басқару бөлімі басшысы Екпін Қожахметов пен депо басшысы және кәсіподақ ұйымының төрағалары жеткізіп, Азаматтың ата-анасын құттықтап, қуаныштарына ортақтасты.  

Азамат Қайратұлы Маңғыстау локомотив депосында 2018 жылдан бері тепловоз машинисінің көмекшісі болып еңбек етеді. Жұбайы Айдана екеуі 6 бала тәрбиелеп, еліміздің демографиялық өсіміне де үлес қосып отырған үлгілі отбасы иесі.  

 

Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады