Жамбыл жырларын жатқа оқыды

Аймақтар
03.07.2026, 08:55
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Еңбек пен бірліктің жыршысы – Жамбыл» атты танымдық-мәдени іс-шара өтті.

Бөлімше директоры Асқар Жексенбиевтің басшылығымен, жетекші аудармашы Ақерке Үтепбергенованың ұйымдастыруымен топтық байқау форматында өткен іс-шарада теміржолшылар жыраудың жырларын жатқа оқыды. Қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттап, сұрақ-жауап, интерактивті жарыстар кезеңінде интеллектуалдық әлеуеттері жоғары екенін көрсетті.  

– Командалық жарыстың тиімді тұсы – ұжымның ішкі ауызбіршілігін нығайтуы. Конкурста олар бір-біріне көмектесіп, демеуге ұмтылады. Сондықтан, байқауды жеке қатысушылар емес, топтар арасында өткіздік. Бұдан бөлек барлық қызметкерлер арасында интеллектуалдық жарыс ұйымдастырылды. Оған қатысқан 70-тен астам мамандар арасында белсенділер көп болды, – дейді Ақерке Серікбайқызы.  

– Байқауда «Жамбыл жалындары» командасының топ басшысы, Тараз станциясындағы техникалық қызмет көрсету орталығының вагон қараушысы Жамбыл Айтуовтың ерекше көзге түскенін атап өту керек. Жамбылдай болсын деп ата-анасы ырымдап есімін Жамбыл қойған әрі өнерден қаражаяу емес екенін көрсеткен ол байқауда ұжымның сенімін ақтап, жүлдегер атанды, – дейді депоның кадр маманы Қымбат Ақжолова.  

Командалар арасында Жамбыл ЖТ командасы 1 орын алса, Айсар Әлішевтің табандылығымен Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі тобы 2 орыннан көрінді. «Тараз өңірлік қызмет көрсету орталығы» командасы 3 орынды қанағат тұтты.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады