Шарда теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып жатыр

Аймақтар
07.07.2026, 09:48
Сурет: gov.kz

Абай облысының әкімі Берік Уәли Жарма ауданына қарасты Шар қаласына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық маңызы бар бірқатар нысандардағы құрылыс жұмысының барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аймақ басшысы Шар қаласындағы теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмысының барысын да көрді.

Шағын шаһардағы теміржол вокзалы 1982 жылы салынған. Ғимаратқа соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген. Мұнда бір күнде 160 адамға дейін қызмет көрсетіледі.

Теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары былтыр басталған. Мердігерлердің айтуынша, екі қабаттан тұратын жаңартылған ғимарат тамыз айында пайдалануға беріледі.

Реконструкция барысында ғимарат аумағы 413 шаршы метрден 654 шаршы метрге дейін ұлғайтылады. Шатыр толық ауыстырылып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмысы жүргізіледі. Су, кәріз, жылу, электрмен жабдықтау, желдету және кондиционерлеу жүйесі жаңартылады. Перрондар қайта жөнделіп, іргелес аумақтар абаттандырылады. Вокзалдар жаңа жиһаздармен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілетін болады.

Облыс әкімі вокзал ғимаратын жаңғырту жұмыстары тұрғындар мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзалды жаңғырту жұмысы басталған болатын. Жуықта Бородулиха ауданының Ауыл және Белағаш ауылдарындағы теміржол вокзалдары қайта жаңғыртудан кейін елімізде алғаш болып пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өңірдегі 8 теміржол вокзалын (Семей, Аягөз, Шар, Ақтоғай, Жалаңашкөл, Дегелең, Үшбиік және Жарма станциялары) жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ең бастысы, нысандарды белгіленген мерзімде пайдалануға беруіміз керек», – деді Берік Уәли.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады